Өңір жаңалықтары
Мемлекет басшысы Атырау облысындағы су тасқыны жағдайын бақылауда ұстап отыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесті.
Олжас Бектенов: мемлекет ешкімді баспанасыз, далада қалдырмайды
Ақтөбе облысында Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен селекторлік режимде өңірлік штаб басшыларының қатысуымен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Мемлекет басшысы БҚО-дағы су тасқынына байланысты жедел штабтың отырысын өткізді
Мемлекет басшысы БҚО Қаратөбе ауданындағы эвакуациялық пунктке барды
Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Алматыда алғаш рет Мукарам Авахридің авторлық спектакльдерінің жаңартылған қойылымы көрсетіледі
10 – сәуірде театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахридің авторлық қойылымдары ұсынылады. Бірінші бөлімде «Саломея» спектаклі, екінші бөлімде Абай Құнанбайұлының «Махаббат тілі» поэзиясының хореографиялық вариациялары көрсетіледі.
Алматыдағы гастрольдік тур. 7-16 сәуір аралығында «Астана Балет» театры Almaty Theatre сахнасында өнер көрсетеді
«Астана Балет» театрының директоры Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматыдағы жыл сайын өткізілетін гастрольдер мен гастрольдік қызмет аясында жоспарлары жайында баяндады.
Қанат Бозымбаев Қостанай облысындағы жағдай туралы: Аймақтарды қалпына келтіруге қажетті ресурстар бөлінеді
Премьер-Министрдің орынбасары – Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Атап айтқанда, төтенше жағдай жарияланған Амангелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласындағы жағдаймен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.
Су тасқыны бойынша ахуалға қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдемесі
Су басқан өңірлердегі мал өлімінің алдын алу мақсатында малды қауіпсіз жайылым орындарына көшіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жедел деректер бойынша шамамен 30 мың бас мал қауіпсіз жерге айдалды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Астанадан өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді
Бұл туралы Ұлттық волонтерлер желісінің өкілдері хабарлады. Демалыс күндері су тасқынына қарсы шаралар жүргізіліп жатқан өңірлерге Астанадан 14 гуманитарлық көмек газелі жіберілді.
Су тасқынының қаупі сейілмеген бірқатар өңірде 20 мыңнан астам волонтер жұмыс істеп жатыр
Өңірлердегі су тасқыны жағдайы Мемлекет басшысының бақылауында. Ұлттық волонтерлер желісі жедел штабының жұмысы аясында еліміздегі 20 аймақтың әрқайсысында өңірлік волонтерлер фронт-кеңсесі базасында call center құрылды. Зардап шеккендерге көмек көрсетіп, волонтерлерді бөлуді үйлестіру үшін бірыңғай байланыс нөмірі +7 708 706 4242 жұмыс істеп тұр. Қауіпті аймақтарда орналасқан өңірлерде гуманитарлық көмек жинау пункттері ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.