Өңір жаңалықтары
Астанада «Altyn shipager» ұлттық медициналық сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Бейбітшілік және келісім сарайында еліміздің медицина қызметкерлері үшін жылдың басты оқиғасы – «ALTYN SHIPAGER» Ұлттық медициналық сыйлығын тапсыру өтті. Өз бағыттары бойынша саланың үздік мамандары, үздік дәрігерлер, ғалымдар, оқытушылар, провизорлар, мейіргер қызметінің қызметкерлері және отандық медицинаның басқа да өкілдері грамоталармен, сертификаттармен марапатталды және министрдің және форумның құрметті қонақтарының қолынан мүсіншелер алды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
АШМ: Астанада көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі кешенді жоспар жаңартылды
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров елордалық кәсіпкерлермен көкөніс қоймаларының жұмысы мен азық түлік өндірісін талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі: Ғалымдардың жұмыс тобы ШҚО қоғам белсенділерімен кездесті
Ғалымдардың уақытты есептеу тәртібі бойынша жұмыс тобы UTC +5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді түсіндіру үшін азаматтық белсенділермен, медицина қызметкерлерімен, Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңестері мен бірлестіктерінің төрағаларымен, сондай-ақ мәслихат депутаттарымен және ҚХА өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.
2025 жылға дейін Ақтау портында «контейнерлік хаб» салынады – Көлік министрлігі
ҚР көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров теңізге шыға алмайтын елдердің LLDC конференциясына қатысып, жиналған көпшілікке соңғы он жылдықта Вена іс-қимыл бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады
Мемлекет басшысына Алматының биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді.
Қарағанды облысында жоғары сапалы әк шығарыла бастады
Ақтауда құрамында азот бар бірегей тыңайтқыш өндіретін кешен салынады
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Tecnicas Reunidas компаниясының атқарушы төрағасы Хуан Лиадо химия және мұнай-газ химиясы салаларында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қайта жаңғыртылған «Астрахан-Маңғышлақ» магистралды су құбыры Атырау және Маңғыстау облыстарына қосымша 60 мың текше метр су береді
Атырау облысында кешенді күрделі жөндеу нәтижесінде кеңейтілген «Астрахан-Маңғышлақ» магистралды су құбыры іске қосылды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бейнебайланыс арқылы нысан жұмысын ресми түрде іске қосты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовті қабылдады
Президентке Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.
Республика бойынша 2 жылда 113 жаңа спорт нысаны салынады - ҚР ТСМ
Алматы облысында олимпиадалық дайындық базасының құрылысы аяқталуға жақын. Мұнда бір уақытта 23 олимпиадалық спорт түрінен 2,3 мың спортшы қатысуына мүкіндік бар. Бұл нысан жыл бойы жұмыс істейтін болады Слның арқасында осында ұлттық құрамалар мен облыстық командаларға маңызды старттар алдында толыққанды оқу-жаттығу жиындарын өткізе алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтып берді.
Батыс Қазақстан облысында 180 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Батыс Қазақстан облысында 203 әлеуметтік инфрақұрылым нысан бейімделді. Оның ішінде 180 нысан 2023 жылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толық бейімделген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жамбыл облысында бір реттік медициналық бұйымдарды шығару бойынша үшінші желі ашылды
«Super-pharm» ЖШС – бұл фармацевтикалық зауыт, ол 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде бір реттік медициналық бұйымдарды өндіру бойынша қызмет жүргізіп келеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.