Өңір жаңалықтары
Түркістанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі талқыланды
Дөңгелек үстелге қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен мемлекеттік ұйым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
Әлихан Смайылов Маңғыстау облысында энергетика саласындағы маңызды жобаларды іске қосу жұмыстарын жеделдетуді талап етті
Экология министрлігі Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімдері, министрліктің аумақтық бөлімшелері мен БҚО әкімдігінің басқармаларының басшылары, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты.
Алматы облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын 514 мың га жер анықталды
Жергілікті атқарушы органдар аудандар мен қалаларда пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 514 мың га жерді (1266 субъект) анықтады, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі.
Астанада ЖЭО-3 жұмыстардың 90%-ы орындалды
Қазақстанда алғаш рет өнеркәсіптік ауқымда банан өсіріле бастады
Түркістан облысында өнеркәсіптік көлемде банан өндіріле бастайды. Түріктің Gengroup Qazaqstan компаниясы өңірде банан отырғызылған 5,3 га жылыжай кешенін салды. Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсірілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Президент Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты
Мемлекет басшысы Екібастұз тұрғындарымен әңгімелесті
Мемлекет басшысы Екібастұз қаласының жылыту маусымына дайындық барысымен танысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді
«Үшарал – Достық» жол учаскесінің 90 шақырымы биыл пайдалануға беріледі
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының соңғы кезеңі жүріп жатыр, жолдың барлық аумағы бойынша қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Үшарал – Достық бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдың 184 шақырымын жаңғырту көзделген. Жобаның құны – 61,2 млрд теңге, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Үкімет резервінен Маңғыстау облысын сумен қамтамасыз ету үшін қаражат бөлінеді
ҚР Үкіметі Маңғыстау облысының тұрғындарын тұщы сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін шаралар қабылдауда. Үкімет резервінен Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытын кеңейту» жобасын аяқтауға 5,08 млрд теңге қаражат бөлінді. ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.