Өңір жаңалықтары
Нысаналы гранттар: Ақтау және Атырау қалаларында биылғы жаңашылдықтар туралы айтылды
Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халық тығыз қоныстанған, батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін нысаналы білім беру гранттары бөлінді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 308 әлеуметтік нысан толығымен бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында 418 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бейімделді. Оның ішінде 308 объект ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай бейімделген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Астанада Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды
Астана маңындағы жасыл белдеуге көшеттер отырғызылады
Астанада жасыл белдеудегі көшеттер саны артып, кәріз тазарту құрылыстары (2-КТҚ) салынады. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қаламен шекаралас аумақты әуеден бақылады. Маңайды тікұшақпен аралау барысында Майбалық көлінің, Преображенск су торабының және т. б. көлемі нақтыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
2023 жылы Ұлытау облысы үшін газдандыру жобаларын іске асыруға 3 млрд теңге көзделген
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлытау облысының газдандыру деңгейі 2,7%-ды құрайды немесе 5950 (221 395-тен) адам табиғи газбен қамтамасыз етілген. Бұл туралы тұрғындармен кездесу барысында ҚР энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов хабарлады.
Ақтөбе облысында шағын жинақты мектептерді қолдау жобасы жүзеге асырылуда
Былтыр Ақтөбе облысында ауылдық мектептерде сапалы білім беруді дамыту және виртуалды педагогтер есебінен шағын жинақты мектептерде педагог тапшылығын толтыруға бағытталған «БІЛІМ ALL» жобасы қолға алынды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Солтүстікқазақстандық зауыт мұнай-газ саласына арнайы техника жеткізуде
Қарағанды облысында 14 медициналық объектінің құрылысы басталды
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл 99, оның ішінде Қарағанды облысында 14 медициналық объектінің құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлінді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Жетісу облысында 59 нысан салынады – А.Ғиният
Ажар Ғиният Жетісу облысына жұмыс сапары шеңберінде халықпен және азаматтық сектормен кездесу өткізді, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Еңбек министрлігі: Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 275 әлеуметтік нысан толығымен бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету шеңберінде Қостанай облысында 583 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері, оның ішінде 275 нысан ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай бейімделген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Павлодар өңірінде 137 мың га астам пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлері қайтарылды
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірде азық-түлік бағасы, жайылым тапшылығы және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мәселелері қалай шешіліп жатқаны жайлы баяндады.
Павлодар облысының әкімі: 16 денсаулық сақтау нысаны жөнделіп, жаңартылады
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2 жыл ішінде 30 жаңа медициналық нысан салу жоспарланған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов хабарлады.