Астанада жасыл белдеудегі көшеттер саны артып, кәріз тазарту құрылыстары (2-КТҚ) салынады. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қаламен шекаралас аумақты әуеден бақылады. Маңайды тікұшақпен аралау барысында Майбалық көлінің, Преображенск су торабының және т. б. көлемі нақтыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.