Өңір жаңалықтары
Екібастұз алдағы жылыту маусымына қалай дайындалуда
Былтырғы жылыту кезеңінен кейін Павлодар облысында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту басым бағыт болып табылады. Өңірдің жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 1438 км, орташа тозу деңгейі – 82%. Облыстың үш қаласында 22 млрд теңгеге 52 км жылу желілерін салу, реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов осындай деректерді келтіріп, Екібастұз қаласында алдағы жылыту маусымына дайындыққа баса назар аударылып отырғанын айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы тұрғынының тұщы су тапшылығына қатысты арыз-шағымына назар аударды
Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдігіне аталған мәселені мүмкіндігінше қысқа мерзімде шешуді тапсырды.
Президент Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовті қабылдады
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы қазіргі үрдістер мен даму перспективалары талқыланды.
Елорда күні: Астанаға 25 жыл
Президент Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астананың 25 жылдығы. Жаңа даму бағыттары. Жаңа мүмкіндіктер» атты елорданың бауырлас қалалары форумының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Президент ертең Астананың бауырлас қалалары форумына қатысады
Мемлекет басшысы Атырау МӨЗ-і мен Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы апаттардан кейін туындаған жағдайды ұдайы бақылауда ұстап отыр
Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 1127 жоба мақұлданды
Батыс Қазақстан облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 463 әлеуметтік нысан толықтай бейімделген – Еңбек министрлігі
Батыс Қазақстан облысында мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету аясында 587 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі, оның ішінде 463 объект ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай бейімделген. Жыл соңына дейін 189 объектіні бейімдеу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызын қабылдады
Кездесу барысында еліміздегі опера өнері мен мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Абай облысында болған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін марапаттады
Жыл соңына дейін Астанаға 400 автобус жеткізіледі - Жеңіс Қасымбек
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында жол инфрақұрылымын дамыту туралы баяндады.