Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Жезқазған Жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарын толық көлемде қаржыландыру қажет – Әлихан Смайылов 14 сәуір 2023

Жезқазған Жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарын толық көлемде қаржыландыру қажет – Әлихан Смайылов

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ірі коммуналдық кәсіпорындардың жұмысымен, автожол инфрақұрылымын жаңғырту барысымен және Жезқазған қаласын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияда Астанадағы автотұрақ мәселесі қаралды 14 сәуір 2023

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияда Астанадағы автотұрақ мәселесі қаралды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, оған орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі және т. б. ведомство басшылары қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Алтай Көлгінов жұмыс сапарымен Алматы облысында болды 10 сәуір 2023

Алтай Көлгінов жұмыс сапарымен Алматы облысында болды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Көлгінов өңірге жұмыс сапары кезінде Алматы облысында мемлекеттік бағдарламалардың, сондай-ақ туризмді дамыту жөніндегі жобалардың іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Астанада биыл 1 млн ағаш пен бұта отырғызылады 10 сәуір 2023

Астанада биыл 1 млн ағаш пен бұта отырғызылады

Биыл елордада миллион жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер) отырғызу жоспарланып отыр. Оның 500 мыңы қалада, тағы осындай мөлшері Астананың жасыл белдеуіне отырғызылады. Жапырақты ағаштарға басымдық беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада Азия чемпионатының ашылу салтанаты Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді - ОКҚ брифингі 7 сәуір 2023

Астанада Азия чемпионатының ашылу салтанаты Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді - ОКҚ брифингі

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Қазақстан күрес федерациясының бас хатшысы Димаш Сұлтанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жарыстың ашылу салтанаты 9 сәуірде сағат 17.00-де өтеді.

Астанада өтетін Азия чемпионатына 24 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысады 7 сәуір 2023

Астанада өтетін Азия чемпионатына 24 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова Астанада өтетін күрес түрлері бойынша Азия чемпионатының ұйымдастырылу барысы туралы айтып берді.

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады 7 сәуір 2023

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы ақпарат берілді.

Алматы мен Самарқанд арасында тікелей рейстер қайта ашылды 3 сәуір 2023

Алматы мен Самарқанд арасында тікелей рейстер қайта ашылды

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде биыл 18 наурыздан бастап Алматы мен Самарқанд қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Қарағанды облысында Saran индустриялық аймағында тұрмыстық техника зауытының құрылысы жүргізілуде 29 наурыз 2023

Қарағанды облысында Saran индустриялық аймағында тұрмыстық техника зауытының құрылысы жүргізілуде

Қарағанды облысында Saran индустриялық аймағында тұрмыстық техника зауытының құрылысы жүргізілуде. Кәсіпорын жылына миллионға дейін өнім шығарады және шамамен 1200 адамды жұмыспен қамтамасыз етпек. Өңір колледждерімен бірлесіп кадрлар даярлау басталды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Президент тапсырмасы: Астанада жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие қолжетімді 29 наурыз 2023

Президент тапсырмасы: Астанада жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие қолжетімді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнесті несиелендіруге қатысты бірқатар тапсырма берген болатын. Оның ішінде жылдық 2,5%-бен жеңілдетілген шағын несиелеу тетігінің арқасында жастарға стартап ашу мүмкіндігі қолжетімді. Елорда жастары Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жеңілдетілген несие ала алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысында 20 мектеп салынады 27 наурыз 2023

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысында 20 мектеп салынады

Былтыр өңірде 20 білім нысанының құрылысына 7 млрд теңге бөлініп, 8 мектеп пайдалануға берілсе, биыл 12 нысанның құрылысы аяқталады, деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігі.

ҚР ИИДМ: Алтын-Емел асуындағы жолды жөндеу жұмыстарын қаржыландыру 2,5 есеге ұлғайтылды 25 наурыз 2023

ҚР ИИДМ: Алтын-Емел асуындағы жолды жөндеу жұмыстарын қаржыландыру 2,5 есеге ұлғайтылды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Жетісу облысына іссапармен барып, алдымен Талдықорғанды «Қорғас» шекаралық аймағымен байланыстыратын «Сарыөзек – Көктал» республикалық автожолының жағдайымен танысты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.