Өңір жаңалықтары
Шығыс Қазақстан облысының шалғай ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалжыр ауылында 5 төсектік күндізгі стационармен бір ауысымда 20 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Екібастұзда жылумен жабдықтау жүйесіне кең ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет және Павлодар облысының әкімдігі Екібастұз тұрғындарының пәтерлерінде және қаладағы әлеуметтік нысандарда температуралық режимді тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.
Қызылорда-Жезқазған автожолының биыл 100 шақырымнан астамы аяқталады
ҚР Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасарының м. а. Ғабит Сыздықбеков Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге өңірдегі «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту жұмыстары және Сырдария өзенінің жағдайымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
ҚР СІМ Түркістандағы ТМҰ мерейтойлық саммитіне дайындық жүргізуде
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше және бақылаушы мемлекеттердің – Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Мажарстан мен Түрікменстанның Қазақстандағы елшілерімен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Президент «Қостөбе-2019» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне барды
Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Байзақ ауданы Талас ауылында орналасқан «Қостөбе-2019» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты.
Алматыда еліміздің үздік ғалымдарын марапаттау рәсімі өтті
Алматы қаласында атаулы сыйлықтардың, үздік ғылыми қызметкер сыйлықтарының және 2022 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялардың иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сыйлықтар мен стипендиялар лауреаттарына дипломдар, төсбелгілер мен сертификаттар табыс етті, деп хабарлайды министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында.
Мемлекет басшысы Мырзатай ауылындағы құс фабрикасының жұмысымен танысты
Президент Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Байзақ ауданы Мырзатай ауылындағы «Әулие Ата Феникс» құс фабрикасына барды.
Президент Көктал ауылдық мектебіне барды
Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Байзақ ауданының Көктал ауылдық орта мектебінің жұмысымен танысты.
ЕАЭО-дағы сауда кедергілерін жоюға барынша күш жұмылдыру қажет – Әлихан Смайылов
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында ЕАЭО елдерінің экономиканың басым салаларындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайту жөніндегі ұсыныстарды айтты, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.
Мемлекет басшысы Тараз қаласындағы Студенттер үйіне барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының Студенттер үйінде оқу орнының оқытушыларымен және студенттермен кездесті.
Түркістан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда
Қазіргі уақытта суды бұру жұмыстары жүргізілуде. 200-ге жуық аула судан босатылды. Жалпы 85 аула аумағынан 197 текше метр су сорып шығарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ Telegram-арнасы.
Президент жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды.