Өңір жаңалықтары
Ел өңірлерінде ауылдық аумақтарды дамытудың жаңа тұжырымдамасын талқылау жалғасуда
Жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков келді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Жетісу облысында Жас құтқарушылардың кадет сыныбы ашылды
Кадет-құтқарушылар қатарына Текелі қаласындағы №4 орта мектептің 4-сыныбында оқитын 30 оқушысы қабылданды, деп хабарлайды Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Экология министрлігі: Алматы облысында заңсыз полигон жойылады
Әлеуметтік желілерде Алматы облысында қоқыс үйіндісін заңсыз орналастыру туралы бейнеролик жарияланды.
Пияз экспортына тыйым: көкөністі ішкі нарықта сатуға басымдық беріледі
2023 жылы 28 қаңтарда Қазақстанда пиязды ел аумағынан әкетуге үш айға тыйым салынды. Бұл үшінші елдердің отандық көкөністерге деген сұранысына байланысты туындады. Бұйрыққа сәйкес аумақтық инспекциялар экспортқа фитосанитариялық сертификаттарды рәсімдеуді тоқтатты, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданын мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің бесігі деп атауға болады
Дәл осы жерде алғашқы аурухана, дәріхана, обаға қарсы станция ашылған, алғашқы егу жүргізіліп, сот медицинасы бастау алған, қызықты тарихи фактілермен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бөлісті.
Қазақстанда алғаш рет Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа салынған мектеп пайдалануға берілді
Мұғалжар ауданына жұмыс сапары барысында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Есқали Саламатов және Құмжарған ауылының тұрғындары 60 орындық мектептің ашылуына қатысты, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан облысы Айнабұлақ ауылындағы жаңа медициналық пункт алғашқы пациенттерді қабылдады
Медициналық пункт барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған және медицина қызметкерлерінің кәсібилігіне риза болған алғашқы пациенттерді қабылдай бастады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбеде Heriot-Watt университетінің филиалы ашылады
Министр Саясат Нұрбектің Ұлыбританияға іссапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Heriot-Watt университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасы басталғалы 28 ауылшаруашылығы кооперативі құрылды
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиында ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ профессоры әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізіміне енді
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» (World’s Top 2% Scientists) рейтингіне енді, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Ұлытау облысының жедел жәрдем дәрігерлері жаңа автокөліктердің кілттерін алды
Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының жедел медициналық жәрдем станциясының базасында жедел жәрдем автокөліктерінің кілттерін салтанатты түрде тапсыру өтті, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
«Мұндай жағдайға жол беруге болмайды»: Әлихан Смайылов Шымкентті жылумен жабдықтаудағы кемшіліктерді атап көрсетті
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Шымкентті дамыту жөніндегі кеңесте жаңа өнеркәсіп объектілерін іске қосу, автокөлік жолдары мен тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік мекемелерді салу және реконструкциялау және т. б. бірқатар мәселелер қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.