Өңір жаңалықтары
Қазақстанда құны 5 млрд теңге болатын жаңа құс фабрикасы іске қосылды
Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында қуаттылығы жылына 5 мың тонна тауық етін өндіретін құс фабрикасы ашылды.
Қарағандылық хирургтар балалардағы сынықтарды «иілгіш шегелердің» көмегімен емдейді
Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың балалар ортопедиялық бөлімшесінде 2011 жылдан бастап балалардағы сынықтарды емдеу кезінде иілгіш шегелер немесе ТЭНдерді (TEN) қолданып остеосинтез технологиясы жасалады. Бұл сынған сүйекті сәйкестендіріп, түзетіп арнайы шыбықтармен немесе «шегелермен» мықтап бекітуден тұрады.
Ақтөбе жылу электр орталығы (ЖЭО) станциясында іске қосу-реттеу жұмыстарының соңғы кезеңі басталды
Жаңа газ турбиналық қондырғыны іске қосу станцияның белгіленген қуатын 118-ден 175 МВт-қа дейін ұлғайтады және жылына 423 млн кВтсағ көлемінде электр энергиясын қосымша өндіруді қамтамасыз етеді.
«Кonaev CUP-2022» халықаралық шахмат турнирі басталды
Қонаев қаласында балалар жылына арналған «Кonaev CUP-2022» халықаралық шахмат турнирі басталды.
Қазақстан әскерінің үздік сержанттары анықталды
Жамбыл облысындағы «Айша бибі» полигонында үздік сержанттарды анықтайтын жыл сайынғы жарыс өтті. Сайысқа Қарулы күштердің барлық түрлерінен, әскер тектерінен және өңірлік қолбасшылықтарынан 90-нан астам сержант қатысты.
ТЖМ басшысы «Қыс» республикалық оқу-жаттығуы өткізілетінін айтты
Юрий Ильин Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті.
Абай облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 12 мыңға жуық оқушыға есептелген 11 мектеп салу жоспарланып отыр
Асхат Аймағамбетов құрылысқа дайындық жұмыстарымен танысып, өңірдегі ауыл мектебіне барды.
Қазақстанда ірі теміржол жобасының құрылысы басталды
Қарағанды облысында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдың құрылысы басталды.
ҚР ДСМ: Ақмола облысында ауылда 38 МСАК нысанын салу жоспарланған
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ақмола облысында халықпен кездесу өткізді.
Шалғайдағы гарнизондар Қорғаныс министрлігінің басты назарында
Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша Қарулы күштердің басшылық құрамы әскери бөлімдерге жұмыс сапарларын жалғастыруда. Оның ішінде шалғайдағы гарнизондарға да ерекше назар аударылып отыр.
Мемлекет басшысы Алматыда креативті индустрия өкілдерінің қызметімен танысты
Президент жас кәсіпкерлермен кездесу барысында креативті индустрияның қазіргі әлемде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесті
Президент Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесуінде олардың сөзін зейін қойып тыңдағанын атап өтіп, ұсынылған барлық маңызды ғылыми жобалар мен технологиялық стартаптардың ел үшін мәні зор екенін айтты.