Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Астананың орталық саябағындағы гүлзарлардың біріне ІІ Елизавета Патшайымның есімі беріледі 19 қыркүйек 2022

Астананың орталық саябағындағы гүлзарлардың біріне ІІ Елизавета Патшайымның есімі беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Патшайымы ІІ Елизаветаны мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысты. Аталған рәсім 2022 жылғы 18-19 қыркүйек күндері Лондон қаласында өтті.

Президент Жарлығы: Нұр-Сұлтан қаласының атауын Астана деп өзгерту туралы 19 қыркүйек 2022

Президент Жарлығы: Нұр-Сұлтан қаласының атауын Астана деп өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы.

Шаруаларға әкімшілік жүктеме төмендейтін болады – Әлихан Смайылов 19 қыркүйек 2022

Шаруаларға әкімшілік жүктеме төмендейтін болады – Әлихан Смайылов

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қостанай облысына жұмыс сапары аясында елдегі ірі сүт өңдеу кәсіпорындарының бірі – «МИЛХ» ЖШС барды.

Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу әлеуетін кеңейтеді 15 қыркүйек 2022

Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу әлеуетін кеңейтеді

Қытайдың үкіметі Шығыс Қазақстан облысының сапа инспекциясының зертханасына құны 11,15 млн юань болатын жабдықты тапсырады. Бұл ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Коммерция министрлігі арасында қол жеткізілген уағдаластықтың арқасында мүмкін болып отыр.

ТЖМ дер кезінде ден қойды. Ведомство өкілі Аманқарағай ауылындағы өрттің баяу сөндірілгеніне қатысты айыптауларға жауап берді 7 қыркүйек 2022

ТЖМ дер кезінде ден қойды. Ведомство өкілі Аманқарағай ауылындағы өрттің баяу сөндірілгеніне қатысты айыптауларға жауап берді

ТЖМ, атап айтқанда, Қостанай облысының ТЖД өртке дер кезінде ден қойды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов осылай деді. Оған «жауапты тұлғалар уақытылы әрекет еткен жағдайда, мұндай залал болмас па еді?» деген сұрақ қойылды. Қазгидромет қауіпті жағдай туралы алдын ала ескертті. Әлеуметтік желілерде осындай пікір айтылуда.

Елімізде 12 табиғи өрт пен жану сөндіріліп жатыр 7 қыркүйек 2022

Елімізде 12 табиғи өрт пен жану сөндіріліп жатыр

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында, Қарағанды, Абай және Жетісу облыстарында 12 табиғи өрт пен жануды сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Шығыстағы жағдай шиеленісе түсуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО ТЖД Дағдарыс жағдайындағы басқарма бастығы Дмитрий Агиенко хабарлады.

Қарағанды облысының ТЖД: Барлық ошақтар бақылауда 7 қыркүйек 2022

Қарағанды облысының ТЖД: Барлық ошақтар бақылауда

Бүгін сағат 17.00 жағдай бойынша өңір аумағында 8 табиғи өрт ошағы бақылауға алынды. Оның төртеуі үлкен табиғи өрттер, көлемі 50 га асады, және 4 дала жанулары, көлемі 50 га кем. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов мәлімдеді.

ТЖМ Қостанай облысындағы өрт туралы: өрт оқшауланды 7 қыркүйек 2022

ТЖМ Қостанай облысындағы өрт туралы: өрт оқшауланды

Сағат 15:00-де Қостанай облысындағы өрт оқшауланды, жанып жатқан жерлер жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов мәлімдеді.

Қостанай облысында ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер өрттен зардап шеккен жоқ - АШМ 7 қыркүйек 2022

Қостанай облысында ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер өрттен зардап шеккен жоқ - АШМ

Қостанай облысы әкімдігінің ресми ақпараты бойынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі зардап шеккен жоқ. Бұл туралы ОКҚ-да журналистердің сұрақтарына жауап берген ҚР АШМ егін шаруашылығы департаментінің директоры Азат Сұлтанов мәлімдеді.

Шымкентте 1,1 млрд теңгеге 8 мың тонна мазутты заңсыз сату фактісі анықталды 6 қыркүйек 2022

Шымкентте 1,1 млрд теңгеге 8 мың тонна мазутты заңсыз сату фактісі анықталды

1,1 млрд теңгеден астам сомаға 8 мың тоннаға жуық мазутты заңсыз сату фактісін Шымкент қаласы бойынша АФМ департаментінің қызметкерлері анықтады.

Зардап шеккендер азық-түлікпен және киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Құрылыс материалдары мен тұрмыстық техника қажет – Б. Аққұжина 5 қыркүйек 2022

Зардап шеккендер азық-түлікпен және киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Құрылыс материалдары мен тұрмыстық техника қажет – Б. Аққұжина

Қостанай облысындағы апат аймағынан 1841 адам эвакуацияланды. Олардың көбі туыстарына кетті. Қазіргі уақытта эвакуациялық пункттерде 78 адам бар, бұл 25 отбасы. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Динара Закиева осындай мәліметтерді жария етті.

Өрт ортасында жүріп, тұрғындарды құтқаруға атсалысып жатқан азаматтарға алғыс айтамыз – Аманжол Әлтаев 5 қыркүйек 2022

Өрт ортасында жүріп, тұрғындарды құтқаруға атсалысып жатқан азаматтарға алғыс айтамыз – Аманжол Әлтаев

Қостанай облысында тілсіз жау 43 мың га артық жерді шарпыды. Осындай өрт ортасында жүріп, тұрғындарды құтқаруға атсалысып жатқан азаматтарға алғыс айтамыз. Өрт салдарынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына Әуликөл ауданының тұрғындарына көмек көрсетілуде. Осы қиын сәтте құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге ерекше алғысымызды білдіреміз, деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Аманжол Әлтаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.