Қостанай облысындағы апат аймағынан 1841 адам эвакуацияланды. Олардың көбі туыстарына кетті. Қазіргі уақытта эвакуациялық пункттерде 78 адам бар, бұл 25 отбасы. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Динара Закиева осындай мәліметтерді жария етті.