Өңір жаңалықтары
СҚО сарапшысы сүтті мал шаруашылығы жетістігінің құпиясымен бөлісті
Қазақстанда сүт өндірісін жүргізумен байланысты рентабельділік пен тәуекелдер туралы пікірлер әртүрлі. СҚО сарапшысы өз ойымен бөлісті. «СК АГРО 2050» ЖШС құрылтайшысы Анатолий Рафальский Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде сөйлеген сөзінде, шаруашылық иесі жоғары дәрежелі деп санайтын сүт өндірісінің жемісті тәжірибесімен бөлісті.
СҚО АӨК 2025 жылға дейін 103 инвестициялық жоба жоспарланған
Солтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобалар пулы құрылды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингі барысында олардың жүзеге асырылу перспективалары мен тиімділігі туралы айтылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов жоспарларға егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда, осы мақсаттарға 185 млрд теңге жұмсалады.
Көкшетауда инклюзивті театрлар фестивалі өтеді
Әлемде басқаға көмектесуге дайын адамдар көп. Біз шын жүректен жанашырлық таныта аламыз, әсіресе қайғы балаларға қатысты болса. Ауру балалардың зардап шеккеніне алаңдамау мүмкін емес, ата-аналардың не сезінетінін елестету қиын… Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Бейбіт Бақтыгереев өз сөзін осылай бастады.
Қазақстан Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы «Отпантау-2021» әскери оқу-жаттығу жиынына барды
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Оймаша» полигонында өткен «Отпантау-2021» шұғыл-стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынына барды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспий теңізі жағалауындағы туристік кластерді дамытуға арналған жобалар таныстырылды
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің туристік әлеуетімен танысты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық Арена» спорт кешеніне барды
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенін аралап көрді.
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізуден басталды.
Павлодарда вакцинация паспорттарын қолдан жасауға қатысы бар адамдар шеттетілді. Жалған құжаттарды өшіріп, вакцина алуға болады
200 жалған вакцинация паспорты туралы ақпарат тарады. Толық мониторинг жүргізілді ме? Жаңа жағдайлар тіркелді ме? Бұл паспорттарды жасаған медицина қызметкерлері қандай жазаға тартылды? Бұл туралы Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситказинов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтып берді.
Резидент емес 2,5 мыңнан астам тұлға ПТР-анықтамасыз шекарадан өтуге тырысты
«Мемлекеттік шекарадан өткен кезде КВИ таратылуына жол бермеу қалай бақыланады?», - деп сұрады спикерлерінен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
«Сары» мәртебесі бар тұлғаларға қатысты 1 906 қаулы шығарылды – ШҚО әкімінің орынбасары
2021 жылдың ақпан айында ШҚО-да халықты КВИ қарсы вакцинациялау басталды. Егілуге тиіс контингенттің 91% бірінші компонентпен қамтылды, 73%-ы вакцинацияны аяқтады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов мәлімдеді.
ШҚО-да сырқаттанушылық орташа республикалық көрсеткіштен 1,5 есе төмен - әкім орынбасары
Өңірде коронавирустың таралуына байланысты жағдай біртіндеп тұрақтануда. Пандемия басталғаннан бері облыс аумағында КВИ жұқтырудың 43 528 жағдайы тіркелді. 77% - клиникалық белгілері бар, қалғандары симптомсыз. Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда орташа республикалық көрсеткіштен 1,5 есе төмен және 3193-ті құрады. Бұл ретте соңғы аптада сырқаттанушылықтың 0,5% - ға төмендегені байқалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «сары аймақта» орналасқан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов мәлімдеді.
Мониторингтік топтардың ізімен. Павлодар облысында карантинді бұзушылар 33 млн теңге айыппұл төледі
Павлодар облысында 176 мониторингтік топ жұмыс істейді. Олар 6,5 мыңнан астам рейд жүргізіп, 40 мыңнан аса нысанды тексерді. 300-ге жуық шектеу шараларын бұзу жағдайлары анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысының орынбасары Айзада Құрманова мәлімдеді.