Өңірде коронавирустың таралуына байланысты жағдай біртіндеп тұрақтануда. Пандемия басталғаннан бері облыс аумағында КВИ жұқтырудың 43 528 жағдайы тіркелді. 77% - клиникалық белгілері бар, қалғандары симптомсыз. Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда орташа республикалық көрсеткіштен 1,5 есе төмен және 3193-ті құрады. Бұл ретте соңғы аптада сырқаттанушылықтың 0,5% - ға төмендегені байқалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «сары аймақта» орналасқан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов мәлімдеді.