Өңір жаңалықтары
«Ikomek 109» орталығы өзінің маңыздылығын көрсетті – Шымкент әкімі
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, өткен жылы «109» желісі арқылы «iKomek» байланыс орталығы ашылды. Бір жылда оған 150 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бүгінде өтініштердің 98 пайызы қаралып, шешімін тапты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов мәлім етті.
Шымкентте жаңа оқу жылы апатты мектепсіз басталады
Қазір қалада 18 732 орындық 32 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 10 222 орындық 20 білім ұясы пайдалануға беріледі. Оның 16-сы жеке инвесторлардың есебінен салынып жатыр. Бұл туралы Шымкент басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
Биыл 97 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды – Шымкент әкімі
Оңтайлы мемлекеттік саясаттың арқасында инвестиция қарқын алды. Ағымдағы жылдың 5 айында қала экономикасына шамамен 97 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,7% артық.
Кәсіпкерлікке бөлінетін қаржы 2 есеге ұлғайды – Шымкент әкімі
Шымкентте жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 34% құрайды, 69 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісінде 163 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қала әкімі Мұрат Әйтенов осындай мәліметтерді келтірді.
Шымкентте ауылшаруашылық өнімінің экспорт көлемі 39 млн долларды құрады
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қаланы толық қамтамасыз ету – басты назарда. Шымкент қаласының әкімі бұл бағытта 2 бірдей агро-индустриалды аймақ құрылып жатқанын жеткізді.
Шымкентте 200 млрд теңгеге 50 инвестициялық жоба іске асырылады – М.Әйтенов
Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды.
Вакцинация бойынша Шымкент көш басында
Вакциналауға жататын тұрғындарының 44 пайызы екпе алды. Ел бойынша егу көрсеткіші бойынша Шымкент көш бастап тұр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мегаполис басшысы Мұрат Әйтенов мәлімдеді. Иммундау шарасынан өткендердің басым бөлігі педагогтар. 239 506 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 141 328-і екінші компонентін алды.
Мұрат Әйтенов: Шымкентке мегаполис статусын беру – қаланың жаңа тынысын ашты
Үш жыл бұрын 19 маусымда Елбасының Жарлығымен Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілді. Бұл тарихи шешім Шымкенттің тынысын ашты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шыкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов хабарлады. Ол осы кезеңдегі даму көрсеткіштеріне тоқталды. Атап айтқанда, қала бюджеті 3,7 есеге – 131,2 млрд теңгеден 481,6 млрд теңгеге дейін өсті.
Мемлекет басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдерін жеке-жеке қабылдады.
Түркістан облысына мұнай өнімдерін жөнелту көлемі артты-ЭМ
«Түркістан облысының шалғай аудандарында дизель отыны мүлдем сатылмайды. Ал кей жерлерде 300 теңгеге дейін қымбаттады. Сұйытылған газ он күн бойы тек талон арқылы сатылады. Бұл жағдай министрліктің бақылауында ма?»,- деп сұрады журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, жағдай бірнеше күннен кейін тұрақтанады.
Алдағы 2-3 күнде Шымкент пен Түркістандағы ЖЖМ жағдайы тұрақталады – ЭМ
5 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан зауыттарында мұнай өңдеу жоспар бойынша жүргізілуде. 6,7 млн тонна мұнай өңделді. Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясын жеткізудегі ақаулардан туындаған шағын іркілістер болды. Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 109,5% - ды құрайды. Мұнай өңдеу бойынша бензин, дизель отынын өндіру көлемі бойынша өсім шамамен 5% өсім.
Ақтөбе облысында жыл қорытындысы бойынша облыста жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 66% -ға дейін артады
Өңірде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі бүгінгі күні 61% құрайды, ал ебс жыл бұрын бұл көрсеткіш 50% жуық болды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Биыл 465 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді. Жыл қорытындысы бойынша облыста жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 66% -ға дейін артады.