Үш жыл бұрын 19 маусымда Елбасының Жарлығымен Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілді. Бұл тарихи шешім Шымкенттің тынысын ашты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шыкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов хабарлады. Ол осы кезеңдегі даму көрсеткіштеріне тоқталды. Атап айтқанда, қала бюджеті 3,7 есеге – 131,2 млрд теңгеден 481,6 млрд теңгеге дейін өсті.