Өңір жаңалықтары
Алматы облысында 4 айда барлық негізгі салаларда өсім қамтамасыз етілді
Алматы облысында өткен 4 айда барлық негізгі салаларда өсім қамтамасыз етілді. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 15,3%-ға, құрылыс жұмыстары – 4,2%-ға, сауда – 3,7%-, ауыл шаруашылығы – 0,5%-ға ұлғайды. Облыс экономикасына 1,6% өсіммен 127 млрд теңге инвестиция тартылды. Жыл соңына қарай инвестиция көлемі 811 млрд. теңге деңгейінде болжануда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдындағы есептік брифингте облыс әкімі Амандық Баталов мәлім етті.
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі су қоймаларының жағдайы туралы есеп берілді. Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, соңғы жылдары су тапшылығын болдырмауға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда көрші елдердің құзыретті органдарымен өзара ықпалдаса отырып, су нысандарын қайта қалпына келтіру, цифрландыру және шаруаларды сумен қамтамасыз ету мәселелері қолға алынды. Қырғыз тарапымен Тоқтағұл су қоймасынан қосымша су жіберуге келісім жасалып, Жамбыл облысындағы Шу және Талас өзендерінің бассейндеріне су жіберу кестесі бекітілді. Ресей тарапымен Ириклинск су қоймасынан Жайық өзеніне жіберілетін судың көлемін көбейту жөнінде келіссөз жүргізіліп жатыр.
Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады
Қазақстан Президентіне Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын жақсартуға қатысты қабылданған шаралар, өңірдегі коронавирус індетіне қарсы атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндалды.
Алматының шалғай аудандарына жылжымалы егу пункттері жіберіледі - Н. Табынбаев
КВИ бойынша Алматыдағы жағдай өте күрделі. Күн сайын 700-ден астам жаңа жағдай тіркеледі. Ауруханаға жатқызылғандар саны 400 адамға жетеді. КВИ-дан 3520 алматылық емделуде, оның ішінде 71 бала. 700-ге жуық науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді.
Үш қала мен екі өңірде КВИ аурушаңдығының өсуі жалғасуда – А.Цой
Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақтөбе және Алматы облыстарында жалғасуда. Бұл туралы жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
Апта соңына дейін кейбір өңірлерде ауа температурасы +23 градусқа дейін жылынады
Синоптиктердің болжамыша, апта соңына дейін еліміздің кейбір өңірлерінде күн жылынады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында күндізгі температура +15+20 градусқа, кейбір жерлерде +23 градусқа дейін көтерілсе, түнде -5-тен +3-ке дейін болады деп күтілуде. «Қазгидромет» РМК гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлының айтуынша, бұл жағдай қардың еруін одан ары күшейтіп, мұзды құбылыстардың әлсіреуіне және су деңгейлерінің көтерілуіне септігін тигізеді.
2021 жылдың 1 сәуірінен бастап жедел штабтар жұмыс істеуде
2021 жылдың 1 сәуірінен бастап ТЖМ ахуалдық орталығында республикалық жедел штаб жұмыс істеуде. Мұндай штабтар Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да іске қосылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин хабарлады.
Елімізде 171 елді мекенді су басу қаупі сақталуда
Су тасқынының өтуін және қауіп-қатерді азайтуды ескере отырып, оңтүстік өңірлерде (105 елді мекен) су тасқыны жағдайларына байланысты 43 мың адам тұратын 276 елді мекеннің 171-ін су басу қаупі сақталуда, атап айтқанда, Батыс Қазақстан – 54, Қостанай – 37, Ақмола – 31, Ақтөбе – 17, Солтүстік Қазақстан – 13. Орталық коммуникациялар қызметінде баяндама жасаған ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амриннің хабарлауынша, еліміздің оңтүстік өңірлерінің жазық аумағы мен өзендерінде қар және мұз болғандықтан, су тасқыны қаупі азайды.
Ағымдағы жылы табиғи сипаттағы ауқымды су тасқыны күтілмейді
Биыл 2015 және 2017 жылдардағыдай табиғи сипаттағы ауқымды су тасқыны қаупі жоқ. Бірақ, температуралық фонның күрт артуы және қатты жауын-шашын кезінде Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында ішінара су басу көріністері болуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
Президентке Елордадағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина салу шаралары жөнінде мәлімет берілді.
Коронавирустың штаммы Қазақстанда Ресейге қарағанда 3 айдан кейін пайда болды, сондықтан олар алдын ала жұмыс істейді
Неліктен қазақстандық коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина әлі күнге дейін клиникалық сынақ сатысында, ал ресейлік вакцина өнеркәсіптік өндіріске шықты деген көпшілікті толғандыратын сұраққа биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария жауап берді. Ол институт орналасқан Жамбыл облысы Отар ауылынан Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысушы журналистермен байланысқа шықты.
Екі аптада ҚР-да КВИ жұқтырғандар 1,5 есе артты – А. Цой
Қазақстан Республикасында 30 наурыздағы жағдай бойынша 243 318 науқастан COVID-19 анықталды және 50 433 адамға КВИ- диагнозы қойылды. 218 031 адам КВИ+ және 47 837 азамат КВИ- жазылып шықты. Соңғы 2 аптада Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы облыстарында науқас саны артып, жалпы КВИ жұқтырғандар 1,5 есе өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.