Алматы облысында өткен 4 айда барлық негізгі салаларда өсім қамтамасыз етілді. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 15,3%-ға, құрылыс жұмыстары – 4,2%-ға, сауда – 3,7%-, ауыл шаруашылығы – 0,5%-ға ұлғайды. Облыс экономикасына 1,6% өсіммен 127 млрд теңге инвестиция тартылды. Жыл соңына қарай инвестиция көлемі 811 млрд. теңге деңгейінде болжануда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдындағы есептік брифингте облыс әкімі Амандық Баталов мәлім етті.