Өңір жаңалықтары
Абай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 25 жоба қаржыландырылды
«Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру аясында өңірдің 10 ауданына қарасты 138 ауылдық округте скрининг жүргізіліп, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті айқындалды. Нәтижесінде барлық ауылдық округтер 2025 жылғы несиелеу бағдарламасына енгізілді, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
Қарағанды облысында бір қорғаннан қола және ерте темір дәуірлеріне тиесілі жерлеу орындары табылды
Абай ауданында археологтар бір ғана қорғаннан бірнеше ғасырлармен бөлінген екі тарихи кезеңге тиесілі жерлеу орындарын анықтады. Көне дәуірдің құнды жәдігерлері Құлайғыр ауылы маңындағы Құлайғыр-1 қорымында жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде табылды. Археологиялық зерттеулер Қарағанды облысының тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының тапсырысы негізінде жүзеге асырылды, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
ІІМ-де дрон операторларын оқыту зертханасы ашылды
Ішкі істер органдарын жаңғырту және цифрлық трансформациялау аясында тәртіп сақшылары заманауи ұшқышсыз авиациялық технологияларды белсенді түрде меңгеруде. Жедел-криминалистикалық департаменті базасында оқу-жаттығу зертханасы ашылып, онда полиция қызметкерлері дрондарды басқару бойынша кешенді дайындықтан өтуде, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі.
Алматы облысында жылына 70 мың тонна жеміс-көкөніс өнімін терең өңдейтін зауыт ашылды
Қазақстанда баламасы жоқ бұл кәсіпорын өңдеу өнеркәсібін дамытуда және елдің агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқармақ. Жоба Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, шикізаттық емес секторды дамыту және қосылған құны жоғары өнім үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында «Alpecon Group» серіктестігі мен Түркияның жетекші Göknur Gıda компаниясының серіктестігі негізінде жүзеге асырылды. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 9,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ақ-ирий қалашығынан Алтын орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды
Қозыбаев университетінің ғалымдары мен студенттері Солтүстік Қазақстандағы ежелгі «Ақ-Ирий» қалашығында жүргізілген биылғы археологиялық маусымның жұмыстарын аяқтады. 17 күнге созылған экспедиция барысында көптеген құнды деректер мен тың жаңалықтар жинақталды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Қазақстанда газ құбырларын салу бойынша ірі жобалар іске асырылуда
Қостанай облысында салынуы жоспарланған астықты терең өңдеу, алюминий шығару бойынша зауыттарын, газ-химия кешенін және ыстық брикеттелген темір өндіру зауытын және басқа да жобаларды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «КС-14 жаңа компрессорлық станциясының құрылысы және «КС-14–Қостанай» магистральдық газ құбыры» жобасын іске асыру жүргізілуде. Бұл жоба Катар мемлекетімен жасалған Үкіметаралық келісім шеңберінде катарлық инвестормен бірлесіп іске асырылады. Бұл жайлы ҚР энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Былтыр 94 елді мекен табиғи газға қол жеткізді
Елімізді газдандыру 2035 жылға дейінгі бекітілген Қазақстан Республикасын газдандырудың Бас схемасы аясында жүзеге асырылуда. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 62,4%-ды құрады немесе 12,6 млн адам табиғи газға қол жеткізді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 354 мыңнан астам адам немесе 94 елді мекен табиғи газға қол жеткізді. 2 000 шақырмнан астам газ құбыры салынды, 82 газбен жабдықтау жобасының құрылысы аяқталды. Бұны ҚР энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Valmont Industries компаниясы Қазақстанда жаңбырлатып суару машиналары өндірісін жергіліктендіреді
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Valmont Industries компаниясының Еуразия және Латын Америкасы бойынша аймақтық вице-президент Филипп Шмидт-Хольцман бастаған делегациясымен кездесті. Жиында елімізде суармалы егіншілікті дамыту, заманауи су үнемдеу технологиясын енгізу және механикаландырылған ирригациялық жүйелердің әлемдік ірі өндірушілері мен дистрибьюторының бірі VALLEY/Valmont Industries жаңбырлатып суару машиналарын өндіруді жергіліктендіру жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстары әкімдерінің баяндамасын тыңдады
Әкімдер Президентке өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы есеп берді. Сондай-ақ облыс жетекшілері Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады.
Түркістан облысында жол бойындағы жаңа сервис кешендері іске қосылуда
Қазақстанда заманауи көлік және жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. Мемлекет басшысының көлік желісін жаңғырту және елдің транзиттік әлеуетін нығайту туралы тапсырмаларын орындау шеңберінде ҚР Көлік министрлігі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жол бойындағы сервис объектілерін салу мен жаңғырту бойынша ауқымды жобаларды іске асырып жатыр. Бұл жұмысқа транзиттік әлеуеті жоғары өңірлерге ерекше назар аударылады. Олардың қатарында Түркістан облысы да бар, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.