Өңір жаңалықтары
Премьер-министр құрылыс қарқынын сақтап, сапаны бақылауда ЖИ жобаларын жеделдетуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкіметінің отырысында тұрғын үй құрылысын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Жиында құрылыс саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов, сондай-ақ Түркістан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі су тасқыны жағдайымен танысып, мемлекеттік органдар басшылығы және облыс әкімдерінің қатысуымен Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді. Президент қойған міндеттер шеңберінде тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының үздіксіз қызметіне қатысты мәселелер қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Премьер-министр Көкшетауда ЖЭО салу барысын тексерді
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, жаңа қуат көздерін арттыру және өңір инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Көкшетау қаласында салынатын стратегиялық маңызы бар жылу электр орталығы (ЖЭО) жобасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Аталған нысан Мемлекет басшысы ерекше мән беріп отырған Семей және Өскемен қалаларындағы стансалармен қатар ЖЭО тізбесіне кіреді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Батыс Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін Біртұтас электр энергетикалық жүйеге қосылады
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі елдің ұзақмерзімді энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында энергия жүйесін жаңғыртып, жаңа генерациялау қуаттарын іске қосу бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде. Ұлттық электр желісінің сенімді әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін «KEGOC» АҚ жаңа қуаттарды енгізуге бағытталған бірқатар ауқымды жоспарлармен үйлестірілген жобаларды жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Атырау облысында жыл соңына дейін алты медициналық нысан тапсырылады
Атырау облысында 2026 жылдың соңына дейін алты жаңа денсаулық сақтау нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Құрылыс барысын денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов өңірге жұмыс сапары барысында тексерді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
«Ауыл Аманаты»: Ақтөбе облысында 2026 жылы 4,7 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр
Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға бағытталған «Ауыл Аманаты» жобасы табысты жүзеге асырылуда. 2025 жылдың 12 айында жоба аясында 219 несие берілген. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттен 4 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Алматы облысының туристік және инвестициялық тартымдылығы артуда
Алматы облысы туристік тартымдылығының тұрақты өсуін көрсетіп отыр, бұл туристердің өңірімізге деген жоғары қызығушылығын айғақтайды. Облыс аумағында республикалық маңызы бар 10 және өңірлік маңызы бар 1 туристік дестинация орналасқан. Бұл табиғи және мәдени ресурстардың молдығын, сондай-ақ туризмді одан әрі дамыту әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Бұл туралы Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы хабарлады.
Үкімет өңірлердің су тасқынына дайындық барысын тексеруді бастады
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары барысында Қарағанды облысы өңірінің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Сондай-ақ су басу қаупі бар Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет және Абай аудандарындағы негізгі гидротехникалық құрылыстар мен елді мекендердің жағдайын бағалады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі су қоймаларын су тасқыны кезеңіне дайындау аяқталды
Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» РМК-ның Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалы Сергеев және Петропавл гидротораптарында жоспарланған жөндеу жұмыстарының барлығын аяқтады. Екі нысанда да жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді
26-27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.
Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 39,5 млрд теңге жеке инвестициялар бағытталады
Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ арасында «Халықты неғұрлым қолжетімді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының фармацевтика индустриясындағы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін ұлғайту» жобасы бойынша жасалған Инвестициялар туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қызылорда облысында жыл соңына дейін 300 төсек-орындық заманауи көпбейінді аурухана ашылады
Қызылорда облысына жұмыс сапары шеңберінде денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 төсектік көпбейінді аурухананың құрылыс алаңына барды. Өңір тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынып жатыр. Жоба заманауи инженерлік шешімдерді енгізуді және аурухананы жаңа медициналық жабдықтармен жабдықтауды көздейді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.