Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Қостанай облысының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,2 млрд теңге бөлінді 28 қараша 2025

Қостанай облысының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,2 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде өңірлерде халықты үздіксіз жылу және сумен қамтамасыз ету үшін энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша жұмыс жалғасуда. Қостанай облысындағы жылу желілерін реконструкциялауды аяқтауға Үкімет резервінен шамамен 2,2 млрд теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қызылордада оқушылар арасында алғаш рет республикалық «JuniorSkills-2025» кәсіби шеберлік конкурсы өтті 27 қараша 2025

Қызылордада оқушылар арасында алғаш рет республикалық «JuniorSkills-2025» кәсіби шеберлік конкурсы өтті

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қызылорда облысында республкиалық «JuniorSkills-2025» жасөспірімдерге арналған кәсіби шеберлік сайысы ұйымдастырылды. Оған еліміздің 8 өңірінен, яғни Алматы қаласынан және Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шымкент, Түркістан мен Қызылорда облыстарынан 9 сынып оқушылары қатысты. Байқау «Ағаш ұстасы», «Кондитерлік іс», «Сән технологиясы», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Мобильді робототехника» құзыреттіліктері бойынша өтті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Алатау қаласының даму бағыттары айқындалды 27 қараша 2025

Алатау қаласының даму бағыттары айқындалды

Алматы облысындағы жаңа өсу нүктелері – Қонаев және Алатау қалалары. Соңғы жылдары Қонаев қаласында 39 шақырым жол жөнделіп, 50 жаңа аялдама орнатылды, 73 шақырым электр желілері және 26 шақырым су құбыры тартылды, 11 трансформатор жаңартылып, 65 нысан абаттандырылды. Бұл жайлы өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Алматы облысында мәдениет пен спорт салаларына ерекше назар аударылады 27 қараша 2025

Алматы облысында мәдениет пен спорт салаларына ерекше назар аударылады

Алматы өңірінде білім беру, спорт және креативті индустрияны дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта Нью-Йорк кино академиясының филиалы ашылып, шығармашылық адамдарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Академия 200 студентке арналған, оқу америкалық бағдарлама бойынша 5 бағытта (Киноөндіріс, Сценарий және актерлік шеберлік, Ойын дизайны, 3D-анимация) жүргізіледі. Қазіргі таңда 60 студент білім алуда, оның ішінде Африка және Еуропа елдерінен келген студенттер бар. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конфенренциясында айтты.

Жыл соңына дейін Алматы облысында 6 мектеп ашылады 27 қараша 2025

Жыл соңына дейін Алматы облысында 6 мектеп ашылады

Соңғы үш жылда Алматы өңірінде барлық салада 176 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 57 мыңнан 19 мыңға дейін, яғни 3 есе азайды. Өңірде ерекше қажеттіліктері бар балаларға кешенді көмек көрсету саласында да маңызды нәтижелер бар. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің ОКҚ брифингінде айтуы бойынша, қазір өңірде баламасы жоқ «Ақжол-М» балаларды оңалту орталығы жұмыс істеп жатыр. Орталықты жабдықтауға «Қазақстан Халқына» қоры тарапынан 1 млрд-қа жуық қаражат бөлінген.

Биыл Алматы облысында тұратын 1700 әлеуметтік осал топтағы отбасыға үй беріледі 27 қараша 2025

Биыл Алматы облысында тұратын 1700 әлеуметтік осал топтағы отбасыға үй беріледі

Алматы облысында құрылыс қарқыны жоғары. 2025 жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 21%-ға өсіп, 948 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2023-2024 жылдары 1585 отбасы баспанамен қамтылса, биыл 1700 әлеуметтік осал топтағы отбасыға үй берілмек. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама аясында Балхаш, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Кеген және Ұйғыр шалғай аудандарының ауылдарында мемлекет тарапынан жаңа үйлерді салу және сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.

Биыл Алматы облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 750 млрд теңгеден аспақ 27 қараша 2025

Биыл Алматы облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 750 млрд теңгеден аспақ

Алматы өңірінде ауыл шаруашылығын дамыту – облыстың басым бағыттарының бірі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 682 млрд теңгеге жетіп, өңірлік өнімнің 7%-ын құрады. Биыл бұл көрсеткіш 3,3% өсіммен 751 млрд теңге көлемінде жоспарланған. Бұл жайында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Алматы облысының экономикасы негізгі бағыттар бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді 27 қараша 2025

Алматы облысының экономикасы негізгі бағыттар бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді

Алматы облысының жалпы өңірлік өнім көлемі үш жылда 3,4 трлн теңгеден 6 трлн теңгеге дейін өсіп, республика бойынша 10-орыннан 5-орынға көтерілді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстың республикадағы жалпы ішкі өнімдегі үлесі 4,4%-ға жетсе, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 4,8%-ды құрады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алааңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Сhocolatine Кazakhstan–2025: Түркістанда Орта Азияның үздік наубайшылары анықталды 26 қараша 2025

Сhocolatine Кazakhstan–2025: Түркістанда Орта Азияның үздік наубайшылары анықталды

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері арасында «Сhocolatine Кazakhstan–2025» халықаралық байқауы өтті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Қазақстанда медицина қызметкерлерін қолдау кеңеюде 26 қараша 2025

Қазақстанда медицина қызметкерлерін қолдау кеңеюде

2025 жылдың 10 айында әлеуметтік қолдау шараларымен 1326 дәрігер, оның 801-і ауылдық жерлерде қамтылды. Ең тиімді мысалдардың бірі – Жетісу облысы, онда ауылға келген дәрігерлерге 10 млн теңгеден төленеді. Бұл өңірдің кадрлық тұрақтылығын едәуір күшейтті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Солтүстік Қазақстан облысындағы Qyzyljar АЭА-ға қайтарылған активтер есебінен 9,6 млрд теңге бөлінді 24 қараша 2025

Солтүстік Қазақстан облысындағы Qyzyljar АЭА-ға қайтарылған активтер есебінен 9,6 млрд теңге бөлінді

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлердің экономикалық әлеуетін нығайту және ірі инфрақұрылымдық жобалар құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында Qyzyljar арнайы экономикалық аймағын дамытуға Арнаулы мемлекеттік қордан 9,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Шымкентте жылына 155 мың тонна қызанақ өндіретін жылыжай кешені іске қосылды 20 қараша 2025

Шымкентте жылына 155 мың тонна қызанақ өндіретін жылыжай кешені іске қосылды

Кешенді іске қосу аясында құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңіне кіретін аумақта алғашқы қызанақ өнімі жиналды. Жалпы құны 650 млн АҚШ долларын құрайтын ірі инвестициялық жобаның құрылысы былтыр жазда басталған, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.