Өңір жаңалықтары
Қарағанды облысы: елдегі ең ірі өнеркәсіптік аймақ қалай дамып келеді
Қарағанды облысы экономикада 7% өсімге қол жеткізуді мақсат етіп отыр. Өңірдің қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші 5,3%-ды құрады. Өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 4 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты.
Семей қаласындағы айналма жол құрылысы туралы келісім жасалды
Абай облысының әкімі Берік Уәли ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында өңірдегі тасжолдар мәселесін қозғады. Мәселен, биыл көптен күткен республикалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының 184 шақырымы аяқталды. Бұл бағыт өңірдің ішкі және сыртқы көлік байланысын жақсартып, облыстың көршілес Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарымен, сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен шекаралық сауда-экономикалық қатынастарын нығайтуға мүмкіндік береді.
Б.Уәли: Аягөз қаласында жылу мәселесі толық шешілді
Абай облысының басты назарында инфрақұрылымдық сипаттағы мәселелерді кезең-кезеңімен шешу мәселесі тұр. Ең маңызды проблемалардың бірі – халықты жылумен қамтамасыз ету. Жылыту маусымына дайындық барысында арнайы талдау жасалып, облыс аумағында жылу желілерінде анықталған ақауларды жою жұмыстары жүргізілді. Биыл бұл мақсатқа 11,8 млрд теңге бөлінді. Аталған қаражатқа Семей қаласын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 12 жылу көзін жаңғыртылып, 13,6 шақырым жылу желілерін ауыстыру жұмыстары атқарылды. Абай облысының әкімі Берік Уәли ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.
Абай облысында мемлекеттік қолдау шаралары аясында шаруаларға 15,1 млрд теңге субсидия бөлінді
Абай облысында жасанды интеллект технологияларын дамытуға, оларды түрлі салаға енгізуге және цифрлық инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Семей қаласында «Ақылды қала» бағдарламасын дамыту Жол картасына сәйкес, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және қалалық процестерді автоматтандыру мақсатында барлығы 27 жоба жоспарланған, оның жетеуі іске асырылды, қалған 20 жоба іске асыру сатысында. Абай облысының әкімі Берік Уәли ОКҚ алаңындағы баспасөз мәслихатында осылай деді.
Инвестициялар, жаңа өнеркәсіптік аймақ құру, туризм: Абай облысында жаңа жобалар іске асырылып жатыр
Абай облысына инвестиция тартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді. Халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және шетелдік инвесторларды тарту мақсатында «Үлкен Алтай» халықаралық субөңірлік конференциясы аясында Қытай елінің инвесторларымен 1 млрд 500 млн АҚШ долларына 15 меморандумға қол қойылды. Бұл құжаттар логистика, туризм, өңдеу өнеркәсібі және басқа да перспективалы салаларды қамтиды. Олардың ішінде жалпы сомасы 39,5 млрд теңгені құрайтын қытайлық серіктестердің қатысуымен 3 жоба іске асырыла бастады. Бұл жайында Абай облысының әкімі Берік Уәли ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Абай облысының бюджеті 500 млрд теңгеден асты
Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң өсімі сақталды. Көлік саласында 123,4%, байланыста – 106,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 101,3%, ішкі саудада – 105,9%, ауыл шаруашылығында – 102,8%, инвестицияда – 103,1% өсім тіркелді. 10 айда мемлекеттік бюджетке облыстан 137,3% өсіммен 441,4 млрд теңге салық пен басқа да міндетті төлемдер түсті. Оның 71,7% – республикалық, 28,3% жергілікті бюджетке түсті. Облыс құрылғанда бюджет көлемі 251,3 млрд теңге болса, қазір 2 есеге өсіп отыр. Облыс бюджетінің көлемі биыл 500,9 млрд теңгені құрады. Бюджеттің 45,4%-ы немесе 227,3 млрд теңгесі әлеуметтік салаға бағытталған. Бұл туралы Абай облысының әкімі Берік Уәли ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
СҚО-да 200-ден астам ауылды сапалы ауызсумен қамтамасыз ететін 9 жоба жүзеге асырылып жатыр
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау топтық су құбырынан Айыртау және Шал ақын аудандарындағы 24 ауылға дейін ұзындығы 220 шақырым болатын су тарту жүйесінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл жоба аяқталуға жақын, мердігер ұйым негізгі жұмыстардың барлығын орындап болды. Қазір нысанды пайдалануға беру жұмыстары қолға алынған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Үкіметте авиациялық хаб құру жөніндегі Президент тапсырмалары аясында Астана әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі міндеттері шеңберінде Астана қаласының халықаралық әуежайын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиын барысында Премьер-министрге Астана әуежайының ұшу-қону жолағын жоспарлы жөндеу мерзімінің аяқталғаны туралы баяндалды. Жүргізілген жұмыстар инфрақұрылымның сенімділігі мен ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әуе айлағының материалдық-техникалық базасын одан әрі реконструкциялау және нығайту жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
БҚО-да қайтарылған активтер есебінен 27 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда
Әлеуметтік нысандар салу және реконструкциялау жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында 27 жобаны іске қосуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Батыс Қазақстан облысында 70-тен астам инвестициялық жоба іске асырылып жатыр
Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында индустриялық және әлеуметтік бірқатар инфрақұрылым нысанын аралады. Орал қаласында QazExpoCentre-Pipe және «Кублей» отандық кәсіпорындарын аралау барысында Премьер-министр өңірде инвестиция тарту, АӨК-те қайта өңдеуді кеңейту, сондай-ақ Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында атап көрсеткен міндеттер шеңберінде өндіріске цифрлық технологиялар енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Олжас Бектенов БҚО-ға жұмыс сапары аясында абаттандыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты
Орал қаласында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру, сондай-ақ су тасқынының алдын алу шаралары жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Атап айтқанда, 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін салынған үйлерді және Жайық өзенінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстарының нәтижесін көрді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Премьер-министр БҚО-да мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Бөрлі ауданында Премьер-министр Қарашығанақ және Чинарев мұнай-газ конденсаты кен орындарына барды. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және олардың жүктемесіне, мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту үлесін арттыруға, кадрлар даярлауға және басқа да мәселелерге назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.