Абай облысының әкімі Берік Уәли ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында өңірдегі тасжолдар мәселесін қозғады. Мәселен, биыл көптен күткен республикалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының 184 шақырымы аяқталды. Бұл бағыт өңірдің ішкі және сыртқы көлік байланысын жақсартып, облыстың көршілес Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарымен, сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен шекаралық сауда-экономикалық қатынастарын нығайтуға мүмкіндік береді.