Өңір жаңалықтары
Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар 1100-ден астам тексеру жүргізді
2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 1 174 тексеру жүргізді, оның 423-і жоспардан тыс, 450 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 301 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 552 ұйғарым берілді, 69,9 млн теңгеден астам сомаға 318 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жылқы шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының құрылысы 2026 жылы аяқталады
Ақтөбе облысында ұлттық мал шаруашылығын дамытуға және қазақтың жылқы шаруашылығы дәстүрін сақтауға бағытталған жоба аясында «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ғимаратының құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жетісу облысында сегіз жаңа медициналық нысан ашылды
Мемлекет басшысының ауылда медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Жетісу облысында алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін нығайту шаралары қабылдануда. Осы жұмыс аясында өңір аудандарында сегіз медициналық нысан ашылды, олар – елге қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған ФАП, медициналық пункттер және дәрігерлік амбулатория, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Алматыда Республика күніне орай 60-тан астам әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылды
Республика күні қарсаңында Алматы қаласында әлеуметтік саланы дамытуға, қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, өмір сүру сапасын арттыруға және экономикалық әлеуетті кеңейтуге бағытталған 60-тан астам жоба жүзеге асырудың соңғы кезеңіне жетті. Ауқымды жұмыстар мегаполистің сегіз ауданын да қамтиды және еліміздің 35 жылдығына орай ұйымдастырылып, Алматының ел дамуының жетекші орталығы ретіндегі рөлін айқындайды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Қарағанды облысында сумен жабдықтау және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асырылып жатыр
Қарағанды облысында қайтарылған активтерден түскен қаражат сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталды. Бұл мақсатқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Облыстық балалар ауруханаларын жаңарту: құзырет орталықтары ашылады, жабдықтар жаңартылады, кадрлар оқытылады
Облыстық ауруханаларды жаңғырту шеңберінде жыл басынан бері эндокринология, нефрология, ревматология, гастроэнтерология, кардиология, пульмонология, гематология және госпиталь қорын ұйымдастыру бейіндері бойынша 22 жаңа құзыреттілік орталығы ашылды. 2028 жылға дейін облыстық балалар ауруханаларының базаларындағы құзырет орталықтарының саны үш есеге – 17-ден 55-ке дейін ұлғаяды. Олар Абай, Жетісу, Ұлытау, Ақмола, Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы облыстық көпбейінді ауруханалардың жанынан құрылған, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Алматы көпсалалы колледжінде «Ұшқышсыз ұшу аппараттары» құзыреттілік орталығы ашылды
Мемлекет басшысының техникалық және кәсіптік білім сапасын арттыру және жаңа форматтағы заманауи кадрларды даярлау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Алматы көпсалалы колледжінің базасында «Ұшқышсыз ұшу аппараттары» құзыреттілік орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
26 мыңнан астам адам скорингтік модель арқылы қосымша қолдау алды
Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында отбасылардың әл-ауқатын анықтауда скорингтік модельді пайдалана отырып, мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау бойынша пилоттық жобаны іске асыру жалғасуда. Қазіргі уақытта 4 мемлекеттік қызмет толығымен енгізілді, 26,1 мың өтініш берушіге қосымша қолдау шаралары көрсетілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Астанада Қазақстанның XII Азаматтық форумы аясында пленарлық отырыс өтті
Астанада «Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің серіктестігі» ұранымен өткен Қазақстанның XII Азаматтық форумы аясында пленарлық отырыс өтті. Жиын жұмысына 700-ден астам делегат қатысты. Олардың қатарында Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес қауымдастығы, сондай-ақ отандық және халықаралық сарапшылар бар. Сондай-ақ, форумға 38 шетелдік қонақ, оның ішінде 19 елшіліктің өкілдері, 10 халықаралық ұйым және алты елден келген делегаттар қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
ШҚО-да «Қалбатау-Майқапшағай» тасжолының стратегиялық маңызы бар учаскесі ашылды
Шығыс Қазақстан облысында халықаралық маңыздағы «Омбы-Майқапшағай» тасжолының «Қалбатау-Майқапшағай» учаскесі салтанатты түрде ашылды. Бұл ауқымды жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан көлік-логистика инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті
Ұлытау облысында ұлттық экологиялық бастама «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу акциясы өтуде. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиялық мәдениетті арттыру және туған өлкеге қамқорлық жасауды дәстүрге айналдыру, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Қазақстан болашақтағы инклюзивті білім беруді талқылаудың әлемдік алаңына айналды – Алматыда WIC 2025 Дүниежүзілік конгресі өтуде
Бүгін Алматыда 15-17 қазан аралығында өтетін Инклюзивті білім беру бойынша бірінші Дүниежүзілік конгресс (World Inclusion Congress – WIC 2025) басталды. Конгресс бір алаңда әлемнің 40 елінен 1200-ден астам үкіметтік құрылымдар, ғылыми қауымдастықтар, халықаралық ұйымдар, педагогтер мен сарапшылар, сондай-ақ инклюзивті білім беру саласындағы көшбасшылар өкілдерінің басын біріктірді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.