Облыстық ауруханаларды жаңғырту шеңберінде жыл басынан бері эндокринология, нефрология, ревматология, гастроэнтерология, кардиология, пульмонология, гематология және госпиталь қорын ұйымдастыру бейіндері бойынша 22 жаңа құзыреттілік орталығы ашылды. 2028 жылға дейін облыстық балалар ауруханаларының базаларындағы құзырет орталықтарының саны үш есеге – 17-ден 55-ке дейін ұлғаяды.  Олар Абай, Жетісу, Ұлытау, Ақмола, Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы облыстық көпбейінді ауруханалардың жанынан құрылған, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.