Өңір жаңалықтары
Алматыда мектептерде тамақтануды ұйымдастыру деңгейі айтарлықтай өсті
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Бақжанар Мұхамедиева мектептегі тамақтанудың жаңа стандартын енгізу бойынша тәжірибесімен бөлісті. Мәселен, мәзірді бекітпес бұрын жұмыс тобы барлық тағамның дәмін көреді. Бұл эксперимент балалардың пікірі мен мәзірді түпкілікті әзірлеу кезінде олардың реакциясын ескеруге мүмкіндік берді. Бұл туралы спикер ОКҚ алаңындағы дөңгелек үстел барысында айтты.
Астанада «Жұлдызай» республикалық ұлттық инклюзивті ойындар өтіп жатыр
Астанада мүгедектігі бар балалардың өмірін жақсартуға, спорттық қабілеттерін дамытуға бағытталған «Жұлдызай» республикалық ұлттық инклюзивті ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Оралда қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған жаңа мектеп ашылды
Орал қаласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №8 мектеп-лицейі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қанат Бозымбаев Alatau City жобасының даму барысымен танысты
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматы облысына ресми жұмыс сапары аясында Alatau City мегажобасының төрт негізгі аймағында – Gate, Golden, Growing және Green аудандарының құрылысқа дайындық барысын тексеріп, бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Еліміздің туризм саласына құйылған инвестиция көлемі 27%-ға өсті
Туризм – ұлттық экономиканы әртараптандырудың драйверлерінің бірі. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша туризм саласында тұрақты оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. Ішкі туризм бойынша орналастыру орындарында қызмет көрсетілген азаматтардың саны 3,9 млн адамға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 500 мыңға көп. Ішкі туристер санының айтарлықтай өсуі әсіресе Алматы облысында, Қызылорда облысында және Ақтөбе облысында тіркелді. Бұл туралы ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Абай облысында 800-ден астам нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Абай облысында 807 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қостанай облысында 1 гигаваттық жел электр станциясы салынады
Қостанайда вице-министр Құдайберген Арымбектің Қостанай облысы тұрғындарымен кездесуі өтті. Ашық диалог барысында ол энергетика саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, инфрақұрылымды жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту туралы айтып өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Маңғыстауда қуаттылығы 150 млн текше метрлік жаңа газ жобасы іске қосылды
Маңғыстау облысындағы Тасбулат кен орнында жаңа газ жобасы іске қосылды. Оның мақсаты – энергетикалық тәуелсіздікті нығайту, ішкі ресурстық базаны кеңейту және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Астанада дәстүрлі «KitapTime – 2025» республикалық кітап фестивалі өтті
Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында дәстүрлі «KitapTime – 2025» IV жалпы республикалық кітап фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасының реконструкциясы аяқталды
Биыл Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасының реконструкциясы аяқталды. Нақтырақ айтқанда, су тасқыны үшін пайдаланылатын су жіберуге арналған канал нығайтылып, су қабылдайтын жаңа торап салынды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Жылыту маусымына дайындық кестеге сай жүргізіліп жатыр
Елімізде күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Мәселен, Павлодар облысында жылыту маусымы басталды. Осы аптада Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарында да жылыту маусымының басталуы күтілуде. Қалған өңірлерде жылыту маусымы белгіленген мерзімде басталады. Бұл туралы ҚР ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Мемлекет басшысы PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдады
Кездесуде PepsiCo компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысы қарастырылды. Әлемге әйгілі бренд Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт құрылысына кірісті. Инвестиция көлемі – 368 миллион доллар.