Өңір жаңалықтары
Жамбыл облысында агродрондар өндірісі жолға қойылды
«UNICROP» ЖШС Жамбыл облысында агродрондарды құрастыру кәсіпорнын іске қосты. Жаңа жоба Қазақстанның инновациялық ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызды қадам және елдің агроөнеркәсіптік кешеніне озық технологияларды енгізуге ықпал етеді. Өндіріс жылына 500–1000 агродрон құрастыруға есептелген, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстанда 3,1 млн тонна астық бастырылды
Егін жинау жұмыстары еліміздің 15 өңірінде жүргізілуде. Олардың қатарында Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласы бар, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы ауқымды акциялар өтті
Абай облысының бірнеше ауданында бір мезгілде экологиялық акциялар басталып, мыңдаған белсенділерді, қоғам өкілдерін, жастарды, мәдениет саласы қызметкерлерін біріктірді. Абай ауданында бұл бастамаға мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен жастар қосылды. Қарауыл ауылында Қарауыл төбе мен оған іргелес аумақтар тазартылып, ауылдық округтердің көшелері мен аумақтары жинастырылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Қазақстанда суды аз қажет ететін жаңа күріш сорты шығарылды
Қызылорда облысында Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жаңа күріш сортын сынақтан өткізіп жатыр. «Сыр сұлуы» деп аталатын бұл сорт аз уақытта пісіп-жетілетіндіктен, суды да аз қажет етеді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Үкіметтік жұмыс топтары Қостанай және Атырау облыстарындағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын кешенді түрде қадағалауды жалғастырып келеді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жамбыл облысында өңірлік мемлекеттік табиғи парк құрылды
Жамбыл облысында жаңа өңірлік мемлекеттік табиғи парк – «Мерке» құрылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданды. Парк ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін алып, 86 632 гектарды қамтитын Батыс Тянь-Шаньның тау етегі мен таулы аймақтарындағы бірегей экожүйелерді қорғауға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды тазалық жұмыстары өтті
Шымкент қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кезекті тазалық акциясы ұйымдастырылды. Қаладағы барлық бес ауданда кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізіліп, көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар күл-қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Қонаевта ауқымды газдандыру жобасы жүзеге асырылып жатыр
Қонаев қаласында халықты табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Бұл іс-шаралар қаланы дамыту жөніндегі Кешенді жоспар аясында іске асырылып, газдандыру басым бағыттардың бірі ретінде айқындалған. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары бірден бес шағын ауданда – Арна, Спутник, 19, 20 және Рауан аумақтарында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі.
Президент Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды
Мемлекет басшысы Астана қаласындағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді.
СҚО-да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «EcoLife: жастардың таңдауы» атты экологиялық интерактиві өтті
Петропавлда Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында белсенді азаматтарды біріктірген «EcoLife: жастардың таңдауы» атты жарқын экологиялық интерактив өтті. Іс-шараны СҚО Жастар ресурстық орталығы «Birgemiz» волонтерлік фронт-офисімен және «JE SKO штабы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.
ШҚО-дағы жаңа мектептер: «Келешек мектептері» жобасы қалай жүзеге асырылуда
Шығыс Қазақстан облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Қызылорда облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен 7 млрд теңгеге жаңа медициналық мекемелер салынады
Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында Қазақстанда заңсыз шетелге шығарылған активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасып жатыр. Арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жобаға шамамен 7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті.