Өңір жаңалықтары
Премьер-министр Мемлекет басшысының Қырғызстанмен шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысымен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын одан әрі дамыту мақсатында шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Жалмағанбетованы қабылдады
Кездесуде адам құқықтарын қорғау, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Қарағанды облысында HOWO жүк көліктерінің өндірісі жолға қойылады
Саран қаласында Қарағанды облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыратын жаңа зауыт салынады. Мұнда әйгілі HOWO маркалы жүк және арнайы техника шығарылады. Құрылыс жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ұлттық мәртебеге ие болды
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне ұлттық жоғары оқу орны мәртебесі берілді. Бұл шешім оқу орнына академиялық және ғылыми дербестігін кеңейтуге, үздік ғалымдар мен қосымша ресурстар тартуға, халықаралық білім кеңістігіндегі беделін нығайтуға жол ашады. Сондай-ақ жаңа мәртебе аясында инновациялық білім беру бағдарламаларын іске асыруға, заманауи ғылыми зерттеулер жүргізуге және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға кең мүмкіндіктер береді, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
А. Құнанбаевтың туған жерінде өтетін шараларға 30 мыңнан астам адам қатыспақ
Абай облысында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай көптеген шара ұйымдастыру көзделген. Оған 30 мыңнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. Олардың арасында 15 елден шетелдік делегация, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жастар, өнер өкілдері және БАҚ өкілдері бар. Қазір Абай ауданында 200-ден астам киіз үй тігіліп жатыр. Шараларды ұйымдастыруға жүздеген мәдениет қайраткері, аспаздар, техникалық мамандар, 530 волонтер, ардагерлер атсалысады. Бұл туралы Абай облысы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Мұстафин ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай қандай шаралар ұйымдастырылатыны жарияланды
Биыл еліміздің барлық өңірінде қазақтың ұлы ақыны, ғұлама ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған 5 мыңнан аса түрлі форматтағы іс-шаралар жоспарланып, іске асырылуда. Аталған мерейтойға арналған халықаралық және республикалық деңгейдегі жоспар бекітілген. Бұл жоспар 100-ден аса түрлі форматтағы ең ірі іс-шараларды қамтиды. Басты іс-шаралар ақынның туған жерінде – Абай облысында Абай күні аясында күні өткізілмек. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасы Ерлан Дәкенов ОКҚ алаңында хабарлады.
Батыс Қазақстан облысында экологиялық мақсаттарға 54 млн текше метрден астам су жіберілді
Жыл басынан бері «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы табиғатты қорғау мақсатында су жіберу және табиғи шабындықтарды суару үшін 54 млн текше метрден астам су жіберді. Атап айтқанда, Жәнібек суару-суландыру жүйесі арқылы бүгінге дейін 7,9 млн текше метр су, ал Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі арқылы 22,25 млн текше метр су жіберілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Алматыда ерте диагностиканың арқасында онкологиялық аурулардан болатын өлім азайып келеді
2025 жылдың алты айының қорытындысы бойынша Алматыда онкологиялық аурулардан болатын өлімді төмендету бойынша тұрақты оң динамика сақталуда. 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 30%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 60,2 жағдайды құрады, бұл белгіленген нысаналы деңгейден төмен және елдегі ең үздік нәтижелердің бірі болып саналады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
СҚО-дағы «Келешек мектептері»: жаңа оқу жылында Береке шағын ауданында заманауи мектеп өз есігін ашады
Бұл – Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ұлттық жобасы аясындағы Петропавлдағы екінші білім ордасы, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.
Алматы облысында мектеп оқушыларына құқықтық мәдениет оқытылады
Жаңа оқу жылынан бастап Алматы облысының мектептері мен колледждерінде құқықтық мәдениет бойынша қосымша сабақтар өткізіледі. Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Ақмола облысында ауылдық аудандардан келген жүкті әйелдерге арналған пансионат ашылды
Көкшетауда көпбейінді облыстық аурухананың перинаталдық орталығының базасында «Дені сау ана» пансионатының ашылуы өтті. Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен құрылған жаңа нысан ана мен баланың денсаулығын сақтауға және перинаталдық нәтижелерді жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.