Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне ұлттық жоғары оқу орны мәртебесі берілді. Бұл шешім оқу орнына академиялық және ғылыми дербестігін кеңейтуге, үздік ғалымдар мен қосымша ресурстар тартуға, халықаралық білім кеңістігіндегі беделін нығайтуға жол ашады. Сондай-ақ жаңа мәртебе аясында инновациялық білім беру бағдарламаларын іске асыруға, заманауи ғылыми зерттеулер жүргізуге және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға кең мүмкіндіктер береді, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.