Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Студенттік омбудсмендер жатақханаларда 100-ден астам тексеру жүргізді 25 маусым 2025

Студенттік омбудсмендер жатақханаларда 100-ден астам тексеру жүргізді

Ағымдағы жылы омбудсмендер студенттердің 6079 өтінішін қарады. Ең көп өтініш Ақтөбе облысының жастарынан келіп түсті. Олар академиялық, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер, жатақханалардағы мәселелер бойынша жүгінді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі кеңесшісі Тоқтар Болысов мәлімдеді.

Аралық қорытындылар: негізгі ҰБТ басталғаннан бері 268 мың рет тест тапсырылды 24 маусым 2025

Аралық қорытындылар: негізгі ҰБТ басталғаннан бері 268 мың рет тест тапсырылды

2025 жылғы 16 мамырда басталған негізгі ҰБТ басталғаннан бері 268 мыңға жуық тестілеу өткізілді. Талапкерлердің 74%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде және 221 адам ағылшын тілінде тапсырды. Бес аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 66-ны құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл – Түркістан облысынан Жәнібек Әбілхан бірінші аптада көрсетті, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Жазғы туризм, балалардың қауіпсіздігі және медицина қызметкерлерінің құқықтары: Көшербаев ШҚО-да кеңес өткізді 20 маусым 2025

Жазғы туризм, балалардың қауіпсіздігі және медицина қызметкерлерінің құқықтары: Көшербаев ШҚО-да кеңес өткізді

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев әкімдіктер, орталық мемлекеттік органдар, салалық ведомстволар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ақмола облысының республикалық индустриялық аймағына 1,1 трлн теңге инвестиция тартылды 20 маусым 2025

Ақмола облысының республикалық индустриялық аймағына 1,1 трлн теңге инвестиция тартылды

Ақмола облысында республикалық маңызы бар «AQMOLA» индустриялық аймағының іргетасына капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Мемлекет басшысы Астанадағы «Мыңжылдық» аллеясын абаттандыру жұмыстарымен танысты 19 маусым 2025

Мемлекет басшысы Астанадағы «Мыңжылдық» аллеясын абаттандыру жұмыстарымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Мыңжылдық» аллеясының ландшафтты даму жоспары көрсетілді.

Олжас Бектенов Қарағанды облысында Президенттің өнеркәсіпті, ТКШ және АӨК-ті дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексерді 19 маусым 2025

Олжас Бектенов Қарағанды облысында Президенттің өнеркәсіпті, ТКШ және АӨК-ті дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының өнеркәсіпті дамыту, терең өңдеуге баса назар аудара отырып, экономиканы әртараптандыру, энергетикалық инфрақұрылым мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. «Saran» индустриялық аймағының кәсіпорындары, «Qarmet» АҚ өндіріс нысандары, оның ішінде металлургия комбинаты мен «Саран» шахтасына барды. Энергетика, коммуналдық және ауыл шаруашылығы салаларындағы жобаларға назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Премьер-министр моноқалаларды дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді 18 маусым 2025

Премьер-министр моноқалаларды дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Моноқалалардың болашағы: оң тәжірибе және тұрақты даму» атты республикалық семинар-кеңес өтті. Жиынға өңірлер мен моноқалалардың әкімдері, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Инвестжобаны іске асыру: Жамбыл облысында болат шығаратын жаңа зауыт құрылысы қалай жүріп жатыр 17 маусым 2025

Инвестжобаны іске асыру: Жамбыл облысында болат шығаратын жаңа зауыт құрылысы қалай жүріп жатыр

Жамбыл облысындағы Jibek Joly арнайы экономикалық аймағында толық өндірістік циклді металлургия комбинатының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Инвестор – Fujian Hengwang Investment Co., Ltd. қытай компаниясы, деп хабарлайды Primeminister.kz.

ТХКБ-ға шығатын «Орталық – Батыс» көлік дәлізінің құрылысы басталды 16 маусым 2025

ТХКБ-ға шығатын «Орталық – Батыс» көлік дәлізінің құрылысы басталды

Қостанай облысында «Орталық – Батыс» автожол дәлізінің құрылысы басталды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қолға алынды және еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту мен транзиттік әлеуетін арттыру жөніндегі Үкімет жоспарларына енгізілген, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Олжас Бектенов Shandong Energy Group Co. басшысы Ли Вэймен 1,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін көмір химия зауытын салу мәселесін талқылады 16 маусым 2025

Олжас Бектенов Shandong Energy Group Co. басшысы Ли Вэймен 1,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін көмір химия зауытын салу мәселесін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Shandong Energy Group Co. басқарма төрағасы Ли Вэймен кездесу өткізді. Онда энергетика саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде Қазақстанда көмір химия зауытын салу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені арқылы 1,5 млрд текше метрден астам су жіберілді 16 маусым 2025

Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені арқылы 1,5 млрд текше метрден астам су жіберілді

Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып, биыл сәуірдің соңына дейін жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Атырауда өткен көшпелі отырыста батыс өңірлерін кешенді дамыту мәселесі талқыланды 13 маусым 2025

Атырауда өткен көшпелі отырыста батыс өңірлерін кешенді дамыту мәселесі талқыланды

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барып, Батыс өңірлерін әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі шұғыл шаралар жоспарын, «Ауыл аманаты» жобасын және бюджеттік жоспарлау саласындағы реформаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.