Ағымдағы жылы омбудсмендер студенттердің 6079 өтінішін қарады. Ең көп өтініш Ақтөбе облысының жастарынан келіп түсті. Олар академиялық, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер, жатақханалардағы мәселелер бойынша жүгінді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі кеңесшісі Тоқтар Болысов мәлімдеді.