Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Жетісу облысы Рудничный ауылындағы апатты жағдайда тұрған мектептің орнына жаңа ғимарат салуға 2,6 млрд теңге бөлінді 31 желтоқсан 2024

Жетісу облысы Рудничный ауылындағы апатты жағдайда тұрған мектептің орнына жаңа ғимарат салуға 2,6 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен Жетісу облысы Рудничный ауылында апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа ғимарат салынады. Үкімет бұл жобаны жүзеге асыруға 2,6 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Қазақстан халқына» қоры Ақмола облысында 800 баланы шаңғы жабдықтарымен қамтамасыз етті 30 желтоқсан 2024

«Қазақстан халқына» қоры Ақмола облысында 800 баланы шаңғы жабдықтарымен қамтамасыз етті

Ақмола облысында балаларды қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін шаңғы жабдықтарымен қамтамасыз етуге бағытталған «Ауылға шаңғы» ауқымды қайырымдылық жобасының екінші кезеңі басталды. Жоба өңірдің 2 қаласы мен 10 ауданында 801 баланы, оның ішінде 12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін (БЖСМ) қамтиды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға резервтен қаржы бөлді 30 желтоқсан 2024

Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға резервтен қаржы бөлді

Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға резервтен қаржы бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жетісу облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 700-ден астам объект бейімделген 30 желтоқсан 2024

Жетісу облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 700-ден астам объект бейімделген

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Жетісу облысында 771 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Президент Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерді құтқарған азаматтарды марапаттады 29 желтоқсан 2024

Президент Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерді құтқарған азаматтарды марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті 2024 жылғы 28 желтоқсан 28 желтоқсан 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті 2024 жылғы 28 желтоқсан

Үкіметте «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті 27 желтоқсан 2024

Үкіметте «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Кеңесте Президенттің экологиялық тепе-теңдікті сақтау және еліміздің тұрақты экономикалық прогресін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары әкімдерінің «жасыл экономика» индикаторларына қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы баяндамалары тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Алматы облысындағы су қоймаларынан 200 млн текше метрге жуық су жіберілді 27 желтоқсан 2024

Алматы облысындағы су қоймаларынан 200 млн текше метрге жуық су жіберілді

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» мекемесінің Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы Бартоғай су қоймасынан 30%, Күрті су қоймасынан 20% су жіберді.  Осылайша, екі қойма көктемде су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін шамамен 420 млн текше метр су қабылдай алады, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді 25 желтоқсан 2024

Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ақтөбе облысының ауылдарында екі жаңа медициналық пункт салынды 24 желтоқсан 2024

Ақтөбе облысының ауылдарында екі жаңа медициналық пункт салынды

Ақтөбе облысы Алға ауданының Қарабұлақ және Тоқмансай ауылдарында екі жаңа медициналық пункт салынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Ұлытау облысында креативті хаб ашылды 23 желтоқсан 2024

Ұлытау облысында креативті хаб ашылды

Жезқазғанда ULYTAU CREATIVE HUB креативті хабының салтанатты ашылуы өтті. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып, жергілікті креативті экономика өкілдерін қолдауға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Биыл Қостанай өңірінде білім беру нысандарын жөндеуге 7 млрд теңге қаражат бағытталды 23 желтоқсан 2024

Биыл Қостанай өңірінде білім беру нысандарын жөндеуге 7 млрд теңге қаражат бағытталды

Қостанай облысында 8 мың орындық 11 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде, алтауы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде салынып жатыр. Биыл Заречное ауылы мен Арқалық қаласында 2 мектеп ашылды. Тағы 4 мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Қалған 5 мектеп 2025 жылы іске қосылады. Ағымдағы жылы 155 білім беру нысанын жөндеуге 7 млрд теңге бағытталды. Бұл жайында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ көшпелі баспасөз мәслихатында айтты.