Ақмола облысында балаларды қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін шаңғы жабдықтарымен қамтамасыз етуге бағытталған «Ауылға шаңғы» ауқымды қайырымдылық жобасының екінші кезеңі басталды. Жоба өңірдің 2 қаласы мен 10 ауданында 801 баланы, оның ішінде 12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін (БЖСМ) қамтиды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.