Оның айтуынша, ол ауыл шаруашылығында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп, мал шаруашылығы ауылда жұмыстың ажырамас бөлігі болуы тиіс екеніне көз жеткізген. Бұл күрделі сала болып саналады, бірақ дұрыс ұйымдастырылған кезде ғана ол табысты, үнемді және тиімді болады. Ал жыл бойғы режим өсімдік шаруашылығында мультипликативті әсер береді. 


Рафальский және оның командасы Канада, Америка, Еуропа елдеріндегі әріптестерінің тәжірибесін зерттеді. Қазақстанның, Ресейдің алдыңғы қатарлы шаруашылықтарын көп аралаған. Нәтижесінде, алдарына одан әрі даму мақсатын қойған. 


«Шындап қолға алдық. Үкімет, облыс басшылығының қолдауы, дайындық жұмыстары - осының бәрі бір табысты іске айналып отыр. Бүгінгі таңда бұл облысымызда қызықты брендтік жұмыс болып саналады. Мал шаруашылығын табысты дамытудың кепілі мына принципті сақтау болып табылады - бұл сиырлар, кадрлар, жем және жайлылық. Егер сүтті мал шаруашылығымен айналысатын болсақ, онда ең жоғары өнімді сиырларды алу керек. Сиыр асырамас бұрын, кадрлар мәселесін шешу керек. Жақсы ойластырылған, оқыған, жауапты, дайын кадрлар болуы тиіс. Егер жақсы ветеринарлық қызметіңіз болса, онда ойлағаныңыз жүзеге асады. Сиырдың азығы өте сапалы, барлық қоректік заттар бойынша теңдестірілген болуы керек, бұл азықтың сақтандыру қоры болуы керек және тек сонымен ғана айналысатын арнайы топ болуы тиіс. Олар мал шаруашылығын кепілдендірілген жеммен қалай қамтамасыз ету керегін ойластырады», - деді фермер. 

Биылғыдай құрғақшылық кезінде жем-шөп жинау туралы мәселе көтеретін скептиктерге Анатолий Рафальский бірнеше кеңесін берді. Мысалы, ұңғымалар немесе еріген қар суы. Айта кетейік, еріген қар суымен Тайынша ауданында 1,5 мың га жерді суару қамтамасыз етіледі.