«Барлық жөндеу жұмысына 33 жергілікті компания тартылды, соның арқасында барлық салық аударымы облыста қалды. 1362 жұмыс орны құрылды. Маршруттардың негізі экономикалық орындылыққа, туристік бағыттарға және автокөлік жүргізушілерінің тілектеріне байланысты таңдалды. Жұмысты жалғастырамыз», – деді әкім.

Мемлекет басшысы халықты 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Ол үшін құны 21,2 млрд теңге болатын 16 жоба іске асырылуда, оның 7-сі жыл соңына дейін аяқталады. Жыл қорытындысы бойынша ауыл халқының қолжетімділігі 98,5%, қалалық халықтың қолжетімділігі 99,9%-ды құрайды.

Сондай-ақ Президенттің жалға берілетін тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде тұрғын үй қорын едәуір кеңейту жоспарлануда. Ағымдағы жылы жалға берілетін тұрғын үй саны 2,4 есеге өседі және мұқтаж кезекте тұрғандарға 769 пәтер беріледі. Оның ішінде «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жеке құрылыс салушылар 425 үй салды. Сондай-ақ 672 кредиттік тұрғын үй салынды. Осылайша, бюджет есебінен барлығы 1441 пәтерді пайдалануға беру қамтамасыз етіледі.

Өңірде «Отбасы банкімен» бірлесіп алғаш рет мамандарды тартуға бағытталған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылды, бұл тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар облыста білікті кадрлар санының өсуін қолдай отырып, әлеуметтік проблеманы шешуге ықпал етеді.  

«Өскеменде үш ТК үлескерлерінің мәселелері бар. Құрылыс салушылар тиісті құжаттамасыз құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізгені үшін және үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мен тапсырма бердім, комиссия құрдым: үлескерлердің ешқайсысы мемлекеттің қолдауынсыз қалмайды. Барлық мәселе заңнамада белгіленген тәртіппен реттелетін болады. Сонымен қатар азаматтарға тұрғын үй сатып алмас бұрын құрылыс салушыда объектіні салуға барлық рұқсат құжаттарының бар екеніне көз жеткізу қажет екенін еске салғым келеді. Адамдардың қателігі – олар бұны үлестік құрылыс деп ойлады, ал шын мәнінде бұл пәтерлерді брондау болды. Инвестицияланған ақшаны қайтару қиын. Үлескерлердің қаражатын тарту үшін құрылыс салушыда жергілікті атқарушы органның рұқсаты немесе «ҚТК» АҚ бірыңғай операторының кепілдігі болуға тиіс», – деп атап өтті өңір басшысы.