«Үш жыл күткеннен кейін қыста донор табылды. Содан бері мен трансплантталған ағзамен өмір сүріп жатырмын. Операцияны Астанадағы дәрігерлер жасады. Осы тақырыпты қозғағандарыңыз үшін рақмет, мәселені әрі қарай да көтерген жөн. Қазір күту парағында 4300 адам бар. Мен олардың әрқайсысын түсінемін, өйткені мен олардың қатарында болдым. Ертеңге жоспар құра алмаудың не екенін білемін. Өміріңнің әр күні үшін Құдайға шүкір дейсің. Таңертең оянасың ба, жоқ па, белгісіз. Бұл физикалық ауырсыну да емес. Өміріңнің соңғы күндері екенін түсіну моральдық тұрғыдан қиын», — деді Бибігүл Жүкенова.

Оның айтуынша, елімізде ағзаларды трансплантаттау үшін қажет нәрсенің бәрі бар: дәрігерлер, жабдықтар.

«Егер жұртшылық оған түсіністікпен қараса, көп адамның өмірін сақтап қалуға болады. Мен бұл тақырыпты 2016 жылдан бері зерттеп келемін. Адамдардың қорқынышы туралы білемін. Халыққа ақпаратты дұрыс жеткізсе, көп адамның өмірін құтқаруға болады», — деді ол.