Қасым-Жомарт Тоқаев Урсула фон дер Лейенді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы аясында сейсенбі күні Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Лейенмен келіссөздер жүргізіп, оны республикаға ресми сапармен келуге шақырды. Бұл туралы ел басшысының баспасөз қызметі хабарлады.