Өңірлерде уақытша шектеулер мен карантин енгізілгеннен кейін аса қауіпті аурулардың ошақтарын жою жөніндегі арнайы бригада жұмысқа кірісті. Ауру құс өртенді, ұстау орындары дезинфекцияланады. Үй құстары мен құс өнімдерін экспорттауға тыйым салынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді.

Штат бойынша Республикалық эпизоотияға қарсы отрядта 220 маман бар, қажетті жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтау үшін оларға 500-ге жуық әріптес көмекке тартылған. Айтпақшы, отряд шығындарды өтеуге де жауап береді.

Вице-министр жұмыс алгоритмін түсіндірді. Өлген малдың немесе құстың орташа айлық құнын әкімдіктер жанындағы арнайы комиссия жыл бойы жүргізеді. Олар сметаны эпизоотияға қарсы отрядқа тапсырады. Осы бағалар бойынша өтемақы жүзеге асырылады. Құжаттар дұрыс рәсімделген жағдайда, үш күн ішінде зардап шеккен құс өсірушілердің шотына ақша аударылады.

Қазір жасақ қорында 390 млн. теңгеге жуық қаражат қалыптастырылған. Статистика бойынша Қазақстанда 46,7 млн.құс басы бар, оның үштен бірі жеке аулаларда.