ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз конференциясы өтті.

Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С. Кисикованың ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың 13 наурызында Милан (Италия) қаласы арқылы "Мәскеу-Нұр-Cұлтан" рейсімен келген ҚР азаматында Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияны анықтаудың алғашқы жағдайы тіркелді.

"А" санатындағы қолайсыз эпидемиологиялық жағдайы бар елдерден келген азаматтарды оқшаулау жөніндегі ереже шеңберінде аталған азамат ауруханаға жатқызылды. Биодиагностика стандарттарына сәйкес коронавирустық инфекцияның болуы бойынша оң нәтиже көрсеткен зертханалық зерттеулер жүргізілді.

Ұшақ бортында барлығы 89 жолаушы болды: Қазақстан Республикасының 42 азаматы; басқа елдерден 47 азамат (Ресей Федерациясының 42 азаматы; Нидерланды – 1; Австралия – 1; АҚШ – 1; Украина – 1; Мексика – 1). Байланыстағы тұлғалар санатына жатқызылған барлық 89 жолаушы толық табылды.

89 жолаушының 35-і Нұр-Сұлтан қаласынан шықты. Оның ішінде: Қазақстан бойынша – 14 адам, олар елдің қалалары мен облыстарының өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына берілді. 14 наурызда сағат 08.00-де аталған аймақтарда осы тұлғалардың болуы бойынша салыстыру жүргізілді. Жергілікті жерлерде оларды облыстар мен қалалардың провизорлық стационарларында оқшаулауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 21 жолаушы Ресей Федерациясының аумағына ұшып кетті.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 54 жолаушының 53-і елордалық провизорлық стационарға жатқызылды. 1 жолаушы – Ресей Федерациясының азаматы дипломатиялық дәреженің болуына және РФ елшілігінің нотасының берілуіне байланысты елшілік аумағында қалдырылды.

Ауруханаға жатқызылған 53 жолаушының барлығы зертханалық зерттеулерден өтті, оның нәтижелері туралы ақпарат зерделегеннен кейін кейінірек жарияланады.

Елордада коронавирустық инфекция бойынша жағдай бақылауда. Барлық іс-әрекеттер санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемиологиялық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша бекітілген алгоритмге сәйкес жүргізіледі.