Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға Қазақстан Президенті ретіндегі тұңғыш сапары ҚХР-ның құрылғанына 70 жыл толуына арналған мерейтоймен тұспа-тұс келген.

Ал, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанның Орталық Азиядағы ірі ел саналатынын және Орталық Еуразияда үлкен ықпалы бар екенін ерекше атаған.

Сондықтан да екі ел арасында маңызды құжаттар мен тиімді жобалардың болуы да негізді.

Екі күндік жұмыс сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция, ауылшаруашылық, білім және ғылым салалары бойынша маңызды жобаларды іске асыруды айқындап берді. Нақты тапсырма алған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман СКЛЯР және ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ Президенттің Қытай еліне сапары туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндап берді.

Министр Роман Скляр: «2004 жылдан бері тасымалдау көлемі 15 есеге артты. Егер 2004 жылы көлемі 21 мың контейнерді құраса, 2018 жылдың қорытындысы бойынша бұл сан 310 мың контейнерге жетті», - дейді. Сонымен қатар, соңғы 4 жылда контенейнерлік тасымалдардың көлемі 15 есеге артқан. Жыл сайынғы өсім 50 пайыздан асты.

ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметінің арасындағы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Жібек жолының экономикалық белдеуі» құрылысын ұштастыру жөніндегі ынтымақтастық жоспарын жүзеге асыруға байланысты өзара көмек туралы меморандумға, ауыл шаруашылық саласында елімізде экспортталатын сүт өнімдеріне қойылатын инспекциялық, карантиндік және ветеринарлық-санитарлық талаптар жөніндегі хаттамаға қол қойылды.

Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын, екіжақты әріптестік барысында сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық әлеуетте көптеген нәтижелерге қол жеткен. Мемлекет басшысы ресми сапарында Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына оң баға берді.