ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Президенттік жастар кадр резервін іріктеу мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен жыл басынан бері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша 759 бақылау шаралары жүргізілді, нәтижесінде 65 мыңнан астам бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығындағы брифингте Агенттік Төрағасы Анар Жаилғанова әңгімеледі.

Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заң бұзушылықтар төмендегенін (өткен жылмен салыстырғанда 34,5 мың бұзушылыққа) атап өту қажет. Бұл Агенттіктің жүйелі түсіндіру жұмыстарының және бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептермен жағдайларды жою жөніндегі енгізілген нақты нұсқаулардың нәтижесінде мүмкін болды.

Агенттікпен кешенді талдау жүргізіліп, стандарттар, регламенттер және салалық ережелер арасында 180-нен астам сәйкессіздіктерді анықталды. Агенттікке жыл басынан бері мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша азаматтардан 1 278 өтініш келіп түсті.

Жеке және заңды тұлғалардың шағымдары негізінде 329 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Келіп түскен расталған шағымдардың жалпы санының 44%-ы жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің әрекеттеріне келеді.

Жалпы, ұсынылған ұсыныстардың нәтижелері бойынша 641 тұлға әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды (әкімдіктер – 479, орталық мемлекеттік органдар – 162), олардың 27% немесе 170 қызмет берушілердің басшылығына тиесілі.

Қазіргі уақытта Агенттік бұзушылықтарды «постфактум» мониторингінен азаматтардың проблемаларын барынша жедел шешуге көшті.

Азаматтар «Digital agent» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауға және нақты уақыт режимінде Агенттікті қосымшасы арқылы хабардар етуге мүмкіндік алды.

«Digital agent» қосымшасы арқылы ХҚКО-ның, Арнайы ХҚКО-ның, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы министрліктерінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауға болады.

Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктерін, Ақтөбе, Қарағанды облыстары, сондай-ақ Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерін қосымшаға толыққанды қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.