Top.Mail.Ru

2020 жылдың шілдесіне дейін қазақстандық спортшылар 50 Әлем Кубогіне қатысып, жолдама үшін таласады. Аталған жарыстардың қорытындысы бойынша 2016 жылғы олимпиада ойындарымен салыстырғанда одан кем емес жолдама алу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз шарасында белгілі болды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жұмысын қорытындылаған ведомства басшысы Ақтоты Райымқұлова мәдениет, кино, туризм салаларының жетістіктері мен алдағы жоспарларына тоқталды.

Мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаевтың Жолдауында айтылған А.Құнанбайұлының 175, Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларының атап өтілуі және биыл туризм саласын дамыту бойынша қабылданған бағдарлама мен осы жылы қол қойылған «Кинематография туралы заң» аясындағы тың жаңалықтармен бөлісті.

«Ол құжат ең алдымен кино өндірісін мемлекет тарапынан қаржыландыру ісін бір жолға қойды. Ел қазынасынан жұмсалатын қаржы енді бұрынғыдай емес, бірнеше сатыдан мақұлданған соң ғана бөлінеді. Мәселен, биылғы жылы сарапшылық кеңеске ұсынылған 99 кино-жобаның 60-ы мақұлданып, ведомствоаралық комиссияға жөнелтілді. Комиссия соның тек 18-не ғана мемлекеттік қолдау көрсету туралы ұсыным жасады»,-деді Ақтоты Рахметоллақызы.

Сонымен қатар, брифингке қатысқан «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың латын әліпбиіне көшуіне байланысты туындаған сауалдарына жауап берді.

«Кейбір таңбалардың қазақ тілінің ережелеріне Халықаралық Unicode жүйесіне, бір таңбаны екінші таңбаға аударатын конвертер жұмысына сәйкес келмейтіндігі байқалды. Яғни, бұл арада кейбір техникалық шешімдер қабылдау қажеттілігі туындады. Президент тапсырмасынан кейін Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобы басқа да білікті ғалымдармен бірлесіп, әліпбиішілік реттеулер жүргізетін болады»,-деді Ербол Ердембекұлы.

Ал, Серік Жарасбаев бұқаралық спорт пен дене шынықтыру қолжетімділігін арттыру бойынша Президент жүктеген міндеттердің іске асырылуы және 2020 жылы Токио олимпиадасы қарсаңындағы спортшыларымыздың дайындығы жайында толықтырды. Оның айтуынша, 2019 жылдың соңына дейін, Ұлттық құрама 28 лицензиялық Әлем Чемпионаты, 19 Азия біріншілігі мен 12 әлемдік іріктеу турнирлеріне қатысады. Естеріңізге салайық, Рио Олимпиадасына спортшыларымыз 32 спорт түрінен 105 лицензия иеленген болатын.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!