Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін көтерді. Мемлекет басшысы осыған басымдық жасау қажет екендігін атап өтті.

Жасөспірімдер арасындағы жоғары суицид қатерімен мақсатты түрде айналысу керек. Қауіпсіз интернет кеңістігін құру - қашықтан оқыту кезіндегі басты тақырып! Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифингте «Expo&Women» Халықаралық ұйымының басқарма төрағасы Ләзат Асқарова мәлімдеді.

«Соңғы жылдары буллинг тақырыбы аса өзекті болуда, бұл «құқық» сөзінің барлық жерде қолданылуына және бұрмалануына байланысты. Алаяқтар осыны пайдалана бастады. Олар лақап атпен балалардың сеніміне кіреді. Президенттің бұл тақырыпты көтергені мені қуантады. Балаларға қатысты қылмыс үшін жазаны күшейту керек деді. Өткізілген семинарлар барысында біз ата–аналар мен мұғалімдердің цифрлық сауатсыз екенін анықтадық. Әрбір бесінші жасөспірім ай сайын буллингтің құрбаны болады деген статистика да болды. Біз, қоғамдық ұйымдар, жалпы балалардың құқықтарын қорғау бойынша қалыптасқан жағдайға дабыл қағамыз. Бұл әсіресе, пандемия кезінде және қашықтан оқыту жағдайында шиеленісе түсті. «Ақылды алаяқтар» «Жұмаққа дейін 50 қадам» сияқты жаңа қауіпті ойындарды әзірлеп, қазақ тілді ортаға шығарды. Ата-аналар мен мұғалімдер көбінесе интернет кеңістігінде балалардың не істейтінін білмейді. Ата-аналар өздерінің цифрлық сауаттылығын арттырып, балаларымен тең болуы керек. Интернеттегі агрессивті мінез-құлық - бұл біздің заманымыздың технологиялық жетістіктерімен тікелей байланысты әлеуметтік құбылыс. Бізге буллинг пен кибербуллингтен қорғау үшін шұғыл белсенді шаралар қажет! Дөрекі сөздер айтуға итермелейтін атмосфераны өзгертетін идеялар қажет. Әр түрлі интернет-ресурстардағы мінез-құлық нормалары мен жалпы қабылданған тәртіптерді өзгерту, мінез-құлықтың ерекше виртуалды мәдениетін тәрбиелеу қажет», - деді Асқарова.

Оның пікірінше, бұл мәселені шешуге зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды, сондай-ақ олардың отбасыларын қорғау бойынша жалпы бағдарлама әзірлеу көмектеседі.