Бүгін осы тақырыпта ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз шарасы өтті. Президент Қ-Ж.Тоқаевтың Жолдауында Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуіне жету үшін нақты міндеттер қойылған болатын.

Брифингке қатысқан ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов өз сөзінде

«Президент пен Үкіметтің тапсырмаларын ескере отырып, энергетика саласының алдына қойылған міндет – дамудың жоғары қарқынын қамтамасыз ету және инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Президент Жолдауындағы солтүстік өңірлерді газдандыру – әлеуметтік маңызы бар басым жоба болып табылады. «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салу жобасын уақтылы іске асыру ағымдағы жылғы басты жұмыс болды», - деп атап өтті.

Жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) кеңінен дамыту жөніндегі тапсырма ЖЭК туралы заңнаманы мақсатқа сай жетілдіруге мүмкіндік берді. Алдын ала қорытынды бойынша, биыл мұнай өндіру көлемі шамамен 90,4 млн.тоннаны құрайды. Осылайша 2018 жылғы рекордты қайталаймыз (90,36 млн.тонна болған).

Мұнай саласы үшін осындай өндіру деңгейін сақтау жақсы жетістік. Бұл ретте биыл үш ірі жобада: Теңіз бен Қарашығанақта күрделі жөндеу, ал Қашағанда алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары болғанын ескерген жөн. Бірақ, негізгі өндіріс жөндеу кезінде тоқтағанына қарамастан, өндіру деңгейін сәтті қалпына келтіріп, ұлғайттық. Осылайша, 2017 жылдан бастап жыл сайын оң динамика байқалады. Сіздерге белгілі, 2016-шы жылдың соңында Қашағанды іске қосқан соң, мұнай өндіру жаңа деңгейге шықты. Жылдық өндіру 2017 жылы 8 млн.тоннаға өсіп, 86,2 млн.тоннаны құрады. Ал 2018 жылы өндіру деңгейі 4 млн.тоннаға өсіп, 90,36 млн.тоннаны құрады.

Сонымен қатар, сол кезеңде Қарашығанақта өндіру деңгейін ұзарту жобаларын іске асыру мәселелері пысықталды. 2017 жылы Қазақстан мұнайға әлемдік бағаны тұрақтандыру үшін мұнай өндіру деңгейін төмендету бойынша ОПЕК бастамасына қосылды.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс және геологиялық барлауды жандандыру үшін жаңа салықтық преференциялар әзірленді.

Осылайша, мұнай өндіру өсімі және еліміздің ірі жобаларының үлесі ұлғайды.

Мәселен, 2016-2019 жылдар аралығында Қашаған жобасын іске асырудан түскен пайда шамамен 0,7 млрд. АҚШ долларын құрады.

2004 – 2019-шы жылдары қазақстандық кәсіпорындарды, мамандар мен инфрақұрылымды дамытуға 14,6 млрд. АҚШ доллары инвестицияланды.

1998 – 2019-шы жылдары 210 әлеуметтік-инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. Оның жалпы сомасы 686 млн. АҚШ долларын құрады.