Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ағымдағы жағдай бойынша ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди және ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева ақпарат берді.

Оқиғалар хронологиясы

  • 7 ақпанда сағат 19:00-ге жуық Қордай ауданы Масаншы ауылының шетіндегі жергілікті тұрғындар арасында бұзақылық ниетпен топтық төбелес болып, оған 70-ке жуық адам қатысты.
  • Жанжал орнына Қордай АІІБ қызметкерлері келді.
  • Тәртіпсіздік барысында арандатушылар мен қақтығысты көрген адамдар болып жатқан жағдайларды түсіріп, әртүрлі түсініктемелермен әлеуметтік желілерге жіберді, бұл қақтығыстың ушығуына және оған жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын тартуға итермелейді.
  • Тәртіп сақтау мақсатында Сарытөбе және Масаншы ауылына жақын маңдағы Меркі, Т. Рысқұлов және Шу аудандарынан қосымша полиция күштері жіберілді.
  • Агрессивті көңіл-күйдегі жастар полиция қызметкерлеріне белсенді қарсылық көрсетті және олардың заңды талаптарына өрескел бағынбады, бұл ретте металл заттарды, тастарды, атыс қаруын қолданған.
  • Жанжал Аукатты, Бұлан Батыр ауылдарына таралып, үй құрылысы мен автомобильдер өртенген. • Оқиға орнына полиция мен ҚР Ұлттық гвардиясының қосымша күштері келді.
  • Жанжал кезең-кезеңмен түнгі сағат 2:00-де тоқтатылды

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди хабарлағандай, жаппай тәртіпсіздік кезінде 10 адам қаза тауып, 43 адам ауруханаға жатқызылды.

«Қазіргі таңда 39 ауруханаға жатқызылғандар қалып отыр.
Оның ішінде 5 полиция қызметкері жарақат алды. Олардың үшеуі оқ атқан. Полицейлер қару қолданған жоқ», - деп атап өтті спикер.

Өрт салдарынан 25 жеке тұрғын үй, 31 коммерциялық нысан және 41 автокөлік зардап шекті. Сотқа дейінгі іс жүргізу ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша жүргізіледі: 272-бап «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және оған қатысу» және 99-бап «қасақана кісі өлтіру».

Бүгінгі күні 2 аңшылық қару, 2 тапанша, 54 бутыл тәркіленді. Оқиғаны тергеу үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы К. Ж. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған Үкімет комиссиясы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б. Сапарбаевтың басшылығымен жұмыс істейді.

«Маңызды міндет – бұрмаланған және тексерілмеген ақпаратты таратуға жол бермеу. Бұл біздің ортақ міндетіміз және біз оны орындаймыз деп үміттенеміз», - деді А. Калайчиди.

ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Ләззат Ақтаева медициналық көмекке 165 адам жүгінгенін хабарлады. Оның ішінде Қазақстанның медициналық ұйымдарына 140 адам, Қырғызстанның медициналық ұйымдарына 25 адам жүгінген. Өтініш білдіргендердің ішінен 115 зардап шегушіге амбулаторлық көмек көрсетілді.

Анықтамалық:

Амбулаториялық емдеу-тәулік бойы бақылауды талап етпейтін, медициналық мекемеге келген науқастарға медициналық көмек ұйымдастыру.

50 зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды, оның 40-ы Қазақстанның медициналық ұйымдарына және 10-ы Қырғыз Республикасының медициналық ұйымдарына жатқызылды.

Еліміздің медициналық ұйымдарына емдеуге жатқызылғандардың ішінен 30 пациентте тұрақты ауыр жағдай байқалады, 8 пациентте аса ауыр жағдай байқалады.

Қаза болғандардың саны 10 адамнан тұрады, оның ішінде 8 оқиға болған жерде. Екі адам ауруханада 12-21 сағаттан кейін іш қуысы мүшелерінің зақымдануларынан қайтыс болды. Бүгінгі күні реанимацияда 8 пациент бар.

Л. Ақтаева атап өткендей, оқиға орнына 14 жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілді. Сондай-ақ, Қордай ауылына санитарлық авиацияның екі бригадасы жұмылдырылып, жіберілді. Санитарлық авиация желісі бойынша Алматы қаласына өте ауыр жағдайда екі науқас жеткізілді. Төрт науқас жердегі санитарлық көлікпен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен қатар, 6 бейінді маман жіберілді: реаниматологтар, нейрохирургтар, травматологтар кеңес беру және сол жерде медициналық көмек көрсету үшін. Бүгінгі күнге қосымша 7 жедел медициналық көмек бригадасы және 3 бейінді маман – тамырлы хирург, реаниматолог, нейрохирург жіберілді.

Алматы қаласының санитарлық көлігінен 10 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылған – оның ішінде 5 бригада Қырғыз Республикасының медициналық ұйымдарында орналасқан пациенттерді тасымалдауды жүзеге асыратын болады.

Еліміздің емдеу ұйымдарына жүгінген азаматтарға медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде толық емдеу көрсетіледі.

Қырғыз Республикасының медициналық ұйымдарында 2001 жылы күшіне енген ТМД елдерінің азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы қол қойылған келісімге сәйкес жедел медициналық көмек толық көлемде тегін көрсетіледі. Қазіргі уақытта Қырғызстанның емдеу ұйымдарында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров аралап жүр. Пациенттерді тасымалдау үшін 5 жедел жәрдем бригадасы жіберілді.