ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-баспасөз конференциясы барысында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов ТЖ режимі кезінде әлеуметтік-осал топтар өкілдеріне коммуналдық қызметтерді төлеуге көмек көрсету тетіктері туралы айтты.

Спикердің ақпараты бойынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ТЖ кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге шығындарды өтеу ережесін бекітті.

Осы ереже шеңберінде халықтың әлеуметтік-осал топтарының өкілдері (1, 2, 3 топтағы мүгедектер; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; көп балалы отбасылар; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар; қызметтік тапсырманы орындау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары; ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер; атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер) ТЖ режимі кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу үшін 15 мың теңге мөлшерінде бекітілді.

Шығындарды өтеу жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтар өкілдерінің ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы әкімдікке өтініштерінің негізінде ғана жүргізіледі. Call-орталық арқылы өтінім берілген жағдайда ауызша өтініш беру жеткілікті.

Жоғарыда көрсетілген санаттардың бірінің өкілі өз бетінше өтінім беру мүмкін болмаған жағдайда, оны туыстары немесе басқа да қосымша құжаттарды ұсынбай басқа да уәкілетті тұлғалар жасай алады. Спикердің айтуынша, өтінімді алғаннан кейін әкімдіктер ұсынылған деректердің дұрыстығын тексереді және нақтылығы расталған жағдайда әрбір ай үшін 15 мың теңге мөлшерінде азаматтың жеке (абоненттік) шотына қаражат аударуды жүргізеді.Б.Шахановтың айтуынша, қазіргі уақытта әкімдіктер өтініштер қабылдау жұмыстарын жүргізуде.

"Бұл төлем тиесілі барлық азаматтар оны 2 ай ішінде алады", - деп сендірді Б. Шаханов.

Мүгедек балаларды, көп балалы отбасыларды тәрбиелейтін отбасы және орындау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары туралы әңгіме болған жағдайда, коммуналдық қызмет көрсетушімен шарт осы отбасы мүшелерінің бірінде болуы тиіс. Сонымен қатар, спикер атап өткендей, қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген санаттарға жататын тұлғалармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігіне қатысты ережелерге өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылуда. Спикер егер 2 ай ішінде коммуналдық қызметтер үшін шот 30 мың теңгеден аз болса, онда айырма (осы соманың қалдығы) келесі айларға қызметтерді төлеу кезінде есепке алынатынына назар аударды.

"Жалпы, коммуналдық қызмет тарифтерін төмендетуді, төлем мерзімін ұзартуды және коммуналдық қызмет үшін өтемақы төлеуді қоса алғанда, қабылданатын шаралар кешені карантин және төтенше жағдай кезінде ел халқына елеулі қолдау көрсетеді", - деп түйіндеді Б. Шаханов.