Саида Тұрсынбетованың сұрағы ("Elitar.kz"): 20 шілдеде Қазақстанның ТҚЖБ өнім берушілерден өңірлерде пиар іс-шараларын өткізуге шамамен 15 миллион теңге сомасына өтінім қабылдай бастады. Сонымен қатар, мемлекет басшысы түрлі іс-шараларға ұзақ мерзімді мораторий енгізуді тапсырған болатын. Бұл қаншалықты тиімді?
ҚР Қаржы министрлігінің жауабы: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ақпараты бойынша, «PR-шараларды ұйымдастыру/өткізу жөніндегі қызметтер» бабы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) сатып алу жоспарына ағымдағы жылғы 14 ақпанда енгізілді және қызмет көрсету орны бойынша (өңірлер бойынша) жалпы жоспарлы сомасы 16 660 714,29 теңгеге 18 лотқа бөлінді.
Ағымдағы жылдың 17 маусымында «Mitwork» электрондық сатып алу порталында көрсетілген сатып алу Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жарияланды, ол 18 лоттың 16-сы бойынша екіден аз өтінімнің берілуіне байланысты өтпеді деп танылды, өткізілген екі лот бойынша жалпы сомасы 1 670 000 теңгеге келісім жасалды.
2020 жылғы 17 шілдеде қалған 16 лот бойынша сатып алу қайта жарияланды, ол барлық жарияланған лоттар бойынша өтті деп танылды. Сатып алу хаттамасы негізінде жалпы сомасы 12 920 000 теңгеге 2 келісім жасалды. Келісім талаптарында іс-шараларды тек Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша ғана дайындау және өткізу көзделген.
Қазіргі уақытта Банк аталған келісімдер бойынша коронавирус пандемиясына байланысты карантиндік шаралар жеңілдетілгенге дейін ешқандай іс-шаралар өткізген жоқ және оларды өткізу жоспарланбаған. Банк 2019 жылдан бастап Банктің 18 өңірлік филиалдарында қазіргі салымшылар мен әлеуетті клиенттер үшін түрлі PR-шаралар өткізеді.
Іс-шаралар спорт жарыстары, зияткерлік ойындар, мектептердегі «жинақ сабақтары», тұрғын үй салынатын жердегі болашақ көршілер үшін «open air» түрінде өтеді.
Бұдан басқа, әр өңірде аймақ басшылығы мен банк өкілдерінің қатысуымен жаңа қоныстанушыларға пәтер кілттерін салтанатты түрде тапсыру жүзеге асырылады.
Бұл іс-шаралардың мақсаты тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін танымал ету, брендтің танымалдылығын арттыру, банк өнімдері мен қызметтерін өткізу, жаңа клиенттерді тарту, жұмыс істеп тұрған клиенттерге адалдық, БАҚ-та ақпаратты жариялау, жинақ туралы ақпаратты ойын түрінде жеткізу, банк имиджін нығайту болып табылады.
2019 жылы осы іс-шараларға арналған шығындар 14 млн теңгені құрады, бұл ретте осы іс-шаралардың қорытындылары бойынша ашылған депозиттерге түсетін түсімдер сомасы шамамен 272 млн теңгені құрады.
Іс-шаралардың оң имидждік және қаржылық әсерін ескере отырып, Банк осы тәжірибені 2020 жылы жалғастыруды жоспарлап отыр. Карантиннен кейінгі кезеңде адамдардың өзін-өзі оқшаулаудан шаршағаны, әлеуметтендіруді және қоғаммен араласуды қажет ететіндіктері байқалады. Карантиндік шаралар ұзартылған жағдайда Банк іс-шараларды өткізу кезінде осы шараларды міндетті түрде сақтайтын болады.