Президентке Қазақстан халқының тұрмыс сапасын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді.

Ұсынылған жобалар Қазақстанның батыс өңірін сумен, аймақтарды газбен қамтамасыз ету, энергетика нысандарының, оның ішінде Алматы қаласындағы қуат торабының құрылысы, сондай-ақ, еліміздегі көлік дәлізінің әлеуетін дамыту салаларындағы негізгі мәселелерді шешуді көздейді.

Кездесу қорытындысы бойынша аталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысты тапсырмалар берілді.