Ресми деректер бойынша, 2020 жылы Қазақстанға 2 млн 35 мыңнан астам шетелдік келген (2019 жылы – 6 088 252), оның ішінде 371 193 азаматқа уақытша тұруға рұқсат берілген. Олардың көпшілігі балалармен бірге келеді. БҰҰ бағалауы бойынша, 2019 жылғы жағдай бойынша Қазақстанда Елден тыс жерде туылған 432 420 бала өмір сүрген. Кейбір балалардың туу туралы құжаттары жоқ, нәтижесінде олар білім мен әлеуметтік қызметтерге қол жетімді емес. Бұл әсіресе мектеп жасына дейінгі балаларға қатысты.

Конференция барысында бірлескен жобаның нәтижелері бойынша Қазақстан Үкіметіне арналған бірқатар ұсынымдар айтылды, соның ішінде:

1)​ жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ аналардан медициналық мекемелерден тыс туған балалардың тууын құжаттауды қамтамасыз ету.

2)​ барлық балалардың (немесе олардың ата-аналарының ия болмаса олардың заңды өкілдерінің) ұлтына, азаматтығына, көші-қон мәртебесі мен болу мәртебесіне немесе олардың болмауына қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балалармен тең негізде ерте дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметтеріне қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

3)​ елдің барлық өңірлерінде ЮНИСЕФ-тің қолдауымен тестіленген үлгі негізінде көші-қон процестерінде балаларға қорғау қызметтерін көрсету практикасын тарату;

4) балаларды тек қана олардың көші-қон мәртебесі негізінде жабық үлгідегі мекемелерге, балаларды қолдау орталықтарына орналастыруға тыйым салуды енгізу мүмкіндігін қарау;

5) көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 16 жастан асқан балаларды ұстауға және жауапкершілікке тартуға жол бермеу туралы мәселені қарау және т. б..

«Бағдарлама нәтижесінде заңдарды жетілдіру бойынша бірқатар маңызды ұсынымдар әзірленді. Балаларға олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және виктимизациядан шығару мақсатында практикалық көмек көрсетілді. Уәкілетті мемлекеттік органдарға жобаның ұсынымдарын зерделеуді және өңірлер арасында және елге кіру жолымен көші-қон процестеріндегі балаларды қорғау жөнінде шаралар қабылдауды ұсынамыз. Біз Қазақстандағы әрбір баланың игілігі үшін одан әрі бірлескен жұмысқа дайын екенімізді білдіреміз», – деді Эльвира Әзімова.

«Төрт жылдық жұмыстың маңызды нәтижесі құжаттары жоқ аналардан туылған балаларды тіркеудің заңнамалық негізін құру болды. Соңғы үш жыл ішінде медициналық мекемелерде туылған 1500 бала туу туралы құжаттарын алды. Бұл дегеніміз, олар балабақшаға, мектепке барып, орта білім туралы сертификат ала алады, сондай-ақ медициналық көмек пен қажетті әлеуметтік қызметтерге қол жеткізе алады. Бұл балалар «көрінбейтін» болмайды. Құжаттау мәселелері, мигранттар мен олардың отбасылары жиі кездесетін мәселелер. Олар балалар үшін ауыр зардаптарға алып келеді: ата-анасынан айрылу қаупінен олардың көші-қон мәртебесі негізінде қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке дейін.

Конференцияға қатысушылар Қазақстан Үкіметіне ұлтына, азаматтығына, көші-қон мәртебесі мен болу мәртебесіне немесе болмауына қарамастан барлық балаларды ҚР азаматтары-балалармен тең дәрежеде білім алуға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдары бар қарар жібереді», - деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен.

«Көші-қон процестеріндегі балалар екі есе осал: балалар сияқты және мигранттар сияқты. Олар ерекше назар аударуды, қорғауды және сапалы қызметтерді қажет етеді. Біз ЮНИСЕФ-пен, адам құқықтары жөніндегі уәкілмен және балалар құқықтарын қорғау комитетімен әріптестігіміз практикалық нәтижелер беріп, көші-қон процестеріндегі көптеген балалар қосымша қорғанысқа ие болғанына қуаныштымыз. Біз әрқашан балалар үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек және олардың құқықтарын қорғауда ешқашан ымыраға келмеуіміз керек», – деді Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускас мырза.

Ол сондай-ақ бағдарлама нәтижелеріне бірінші кезекте бірқатар тартылған тараптардың, соның ішінде ҚР уәкілетті органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, елшіліктердің, қоғамдық ұйымдардың, Еуропалық Одақтың, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның және басқаларды ң үйлестірілген күш-жігерінің арқасында қол жеткізілгенін атап өтті. 

Бірлескен жоба аясында әзірленген қорғау қызметтерін көрсету моделі Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында «Родник», «Сана сезім» ҮЕҰ және Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюромен (АҚЖКБ) бірлесіп, сәтті тестіленді.