Бұрын жер қойнауын пайдаланушылары лицензия беруге өтініштерді бекітілген қағидаларға сәйкес құжаттарды қағаз жүзінде тапсырып отыратын.

Енді 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап жаңа платформа «Minerals.gov.kz» іске қосылды. Бұл өтініштерді электронды түрде қабылдауға мүмкіндік беріп отыр.  Бұл бизнес-процестерді автоматтандыру, жеделдету және оңтайландыру арқылы жұмысты едәуір жеңілдетеді.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін ИИДМ (miid.gov.kz) және ЦДИАӨМ (mdai.gov.kz) сайттарында «Minerals.gov.kz»-ті пайдалану жөніндегі нұсқаулық жарияланды.